Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4330 0 пікір 1 Шілде, 2016 сағат 09:30

Тәжікстан алтын, күміс контрабандасымен күресіп жатыр

Осыған дейін кәсіпкерлер шетелден әкелінетін алтынның бір граммы үшін 8,4 доллар (67 сомони) кедендік баж салығын төлеп келген. Тәжікстанның қаржы министрінің орынбасары Жамшед Каримзода салықтың жоғары болуы себебінен, кәсіпкерлер тауарды контрабандалық жолмен өткізіп келді дейді. Мәселен, өткен жылы Түркиядан Тәжікстанға 700 келі зергерлік бұйымдар әкелінген екен. Бағалы бұйымдардың тек 15 келідейі ғана ресми тіркеліп, өткен.

Қаржы министрінің орынбасары баж салығын төмендету арқылы кәсіпкероердің заңды түрде, таза жұмыс істеуін қамтамасыз етеміз дейді.

Тәжікстандағы Кеден қызметі басшысының орынбасары Хуршед Каримзода салықтың үш түрінің күші жойылып, енді оның орнына тек "арнайы кеден терімі" салығы енгізіледі, онда алтынның бір граммына 18 сомони төлейді дейді.

Тәжік кәсіпкерлері бағалы бұйымдарды Түркия, Үндістан және Біріккен Араб Әмірлігі елдерінен әкеледі.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5547