Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 5845 0 пікір 24 Маусым, 2016 сағат 15:00

МИНИСТР ҚАТЕЛІГІН МОЙЫНДАДЫ

Ақтөбедегі қанды қырғынға қатысы бар террористердің тізімінен қате кеткенін Ішкі істер министрінің өзі мойындады. Қалмұхамбет Қасымов жақында содырлардың аты-жөнін қайта жариялаймыз деді.

Бас полицейдің айтуынша, министрлік таратқан ресми ақпартқа интернетте жүрген лаңкестердің тізімі сай келмейді екен. Қазір Ақтөбедегі қанды оқиғаны Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп жатыр.

Қорытындысы шыққан соң содырлардың аты-жөні қайта жарияланбақ. Өйткені, түсініксіз жағдайда террористердің тізіміне  Байнасай ауылындағы мектептің 11-шы сынып оқушысы Сағынған Сейітқали де еніп кеткен. Ал, Ақтөбе қаласының тұрғыны Данияр Уайсов болса, өзін полицейлердің қолынан қаза болған  лаңкестердің қатарынан көріп, талып қала жаздапты.

5-маусым күні бір топ қаскөй Ақтөбедегі қару сататын екі дүкенге және әскери бөлімге шабуыл жасаған. Содырлардың қолынан сегіз адам қаза тапты, олардың үшеуі әскерилер. 18  лаңкестің көзі жойылды. Ал,  9-ы  тірідей ұсталған болатын.

Біздің түсінбейтініміз, мұндай аса жауапты мәселеде министр мырза мен министрлік неге қателеседі?Адамның аты-жөнін анықтауға шамасы келмейтін орган содырлармен қалай күреспек? Бұл қателік болғалы бірнеше күн сырғыды. Содан бері министрлік содырлардың аты-жөнін анықтамаған ба? Анықтаса, неге нақты ақпаратты жұртқа жеткізбей отыр. 

Жер мәселесіне қатысты митингтер кезінде біз ІІМ-не, яғни министр Қалмұхамбет Қасымов мырзаның атына қоғамды толғантқан бірқатар сұрақтарды жолдап, мардымды жауап ала алмаған едік.  Сол тұста министріміз Мәжіліс депутаты Геннадий Щиповскихтің талабын ескермей, мемлекеттік тілге тіксінгеніне де есімізде.

Қасымов мырза бүйте берсе, халықты өзіне қарсы қойып алары хақ. Сондықтан, ол кісіге қателесуге болмайтынын ескерткіміз келеді. 

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560