Сенбі, 23 Қараша 2024
Не көріп жүрсіз? 8086 0 пікір 23 Маусым, 2016 сағат 11:29

"ЕВРАЗИЯ" АРНАСЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚАШАНҒЫ ҚОРЛАЙ БЕРМЕК?

Ресейшіл "Евразия" телеарнасы туралы аз жазылған жоқ. Менің айтқым келгені осы арнадағы шатқаяқтап тұрған тіл мәселесі.

Алғашқыда "Ашығын айтқанда" деген атпен шығып жүрген ток шоу қазір "Все мы люди" деп өзгертіліп, оның әр бағдарламадағы талқыланатын тақырыптары да орысша жазылып жүр. Аты, заты орысша, ал тілі қазақша. Бұл нағыз қорлау, басыну ғой! Сонда біздің Тәуелсіздігіміз, егемендігіміз, мемлекеттігіміз қайда қалды?

Қашанғы өз Тәуелсіз елімізде тіліміз жетім баланың күйін кешеді, қашан төрге шығады? Бұл нағыз - ақпараттық соғыс. Неге ресейлік арналарға тиым салынбайды?

Анау 31 арна да жаңалықтарды бірінші "ұлы" тілде жүргізеді де, артынша "бейшара" қазақ тіліне кезек береді.

Қазақстан арнасы "Премия Муз ТВ" дегенді тауып алды, тағы да сол баяғы "ұлы" тілде.

Осы мәселені бүкіл бұқараның талқысына салыңыздаршы. Біздің үніміз билікке жетер, бәлкім сең қозғалар.

Сағыныш Ілияс

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394