Жексенбі, 24 Қараша 2024
Шамшырақ 4357 0 пікір 20 Маусым, 2016 сағат 15:55

«ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН» ЛАНКЕСТІҢ ЖАҚТАУШЫСЫН ҮЛГІ ЕТІП ОТЫР МА?

                                                                     

Еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстан» (18.06.16): «Мұхиттың арғы жағындағы Солтүстік Америкада жүріп, лаңкестік әрекетке қатысы бар деген айыппен 3,5 жылға бас бостандығынан айырылған Азамат Тәжаяқов АҚШ абақтысында жазасын толық өтеп, елге оралды. Кеше оны Алматы әуежайынан күтіп алуға ата-анасы, туған-туыстары мен достары келді. Ұлын көріп, бауырына басқан әкесі қуа­нышына ортақтасқан ел-жұртқа шексіз алғысын жеткізді» деп жазып, әуежайдағы мәре-сәре суретін қоса басқан. Апырай-ә,  түрмеде шыққан бозбаланы елдің бас газеті сүйінші сұрағандай қуана жариялағаны несі? 

Шетелде тыныш жүрмей қазақ елінің, ұлттың атына кір келтіріп, теріс қылығымен абақтыға қамалған жан кімге үлгі, кімге мақтаныш? Мұндай жағдай бірінші емес қой, осыдан екі жыл бұрын  20 жастағы Ақжарқын Тұрлыбай Қытайдың Гуанчжоу қаласында сөмке толы есірткімен ұсталған болатын. Сол қызды ел дипломаттары сұрап жүріп, елге ауыстыруға қол жеткізген. Осы оқиғаны да БАҚ атаулы жарыса жазып,  қазақ қызының   шат-шадыман суретін қайта-қайта басып,  «қаһарман» жасағандай әсер етті.

Ал енді, өз еліміздегі істі болғандардың даңқы ұлттық батырдан кемде кем. Айталық, бәріңіз куә, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев мемлекет қаржысын миллардтап жеп қойды деп 14 жылға кесілгенге дейін газет, сайт, теледидар бетінен бір сәтке де түсірмеді. Талғатымыз сот жүріп жатқанда елдің көзінше сылқ-сылқ күліп отырды,  темір торға еңсесін тік ұстап, қасқайып кеткенін көрген кісіге ол бейнебір жұмаққа бара жатқандай әсер етті.

Таяуда арналардың бірінен шет елдердің түрмелерінде 3500 қазақстандық отырғаны туралы айтылды. Енді «Егемен» солардың әрқайсының түрмеден босанғанын көрсетіп жаза беретін болса...

 -  «Елдің беделді басылымдары мен теледидары, әлеуметтік желілері жапа-тармағай шалқып тасыған байлардың тұрмысын,  ұры-қарыларды суреттерін жылтыңдатып, құдайдың құтты күні айта берген соң ба, мектептегі балаларым соған қызығып, суреттерін қиып алып, сақтап қойып жүргенін көріп қалдым» деді бір дәрігер досым күйініп. Әрине, бүгінгі БАҚ не жазамын десе де, қалай жазамын десе де – еркі. Ақпаратқа тосқауыл жоқ.   Бірақ теріс әсерді  қайтеміз?

Тұрсын Таңатаров, Қостанай облысы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5622