Жексенбі, 24 Қараша 2024
Дей салдым-ау 8488 0 пікір 19 Маусым, 2016 сағат 14:00

ӘЛЕМДІ ТҮРЛІ АПАТТАН ҚАЗАҚҚА ТҮСКЕН ІЛІМ ҚҰТҚАРАДЫ

Бүгінгі таңда табиғат апаттарының жиілеп, қоғамды қиянат, лаңкестік, қатыгездік, қаскүнемдік жайлап алғаны, адамдардың мейірім-қайырымнан қалғаны, бір-біріне қару кезеп, пышақ салғаны, сәбилерді қоқысқа тастаудың, бүлдіршін қыздарды зорлаудың әдетке айналып бара жатқаны, жастарымыздың ұлттық бет-бейнесінің өзгеріп, батыстық жат әдеттерге бой алдыруы, жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсауының жиілеуі үрей туғызады. Бұларға қоса обыр, ақ қан, бедеулік пен белсіздік секілді сан түрлі дауасыз дерттер, әсіресе аналар мен балалар ауруы көбейіп, сәбилер туа сала дертке шалдығып, дүниеге мүгедек балалардың келуі де жиілеп барады.

Бұларға тойтарыс беруге бүгінгі дамыған ғылым мен білімнің де дәрменсіз болып  отырғаны Әл-Фараби бабамыздың «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» деген сөзінің шындыққа айналғанын көрсетеді. Осының бәріне адам баласы рухтың әлсіреп, Құдайға емес, жынның, нәпсінің, мансап пен байлықтың т.б. құлы болып құлдырауы, сананың да ішіп-жемдік, қарабасындық деңгейге түсіп кеткендігі, өзінің және бүкіл әлемнің жаратылыс заңдылығын ұмытып, Жаратушы иеден қол үзіп қалғандығы себепті душар болып отыр. Ең ақыры битімдей бір микробқа жем болып, адамдардың жылда қырылып жатқаны сол тәни де рухани да қуатсыздықтың салдары.

Сондықтан қазіргі басты мәселе адамның рухани-саналық деңгейін көтеру болып табылады. Бүкіл әлем ойшылдары да ХХІ ғасырда тек сана көгіне көтерілген адамдар ғана өмір сүре алады деген тұжырымға келіп, жер бетінде тіршілікті сақтап қалудың жолын іздестіруде. Мейірімі шексіз Жаратушы иеміз рухани тәрбиенің уызын қазақ халқы арқылы бүкіл адамзат баласына нұсқап отыр.

Ол – Құранның 29  сүресінің басында орналасқан, мағынасы Аллаға ғана аян делінетін Әлиф-Ләм-Мим, Әлиф-Ләм-Мим-Сад, Әлиф-Ләм-Ра, Әлиф-Ләм-Мим-Ра, Кәф-Һә-Йә-Ғайн-Сад, То-Һә, То-Син-Мим, То-Син, Йә-Син, Сад, Ха-Мим, Ха-Мим. Ғайн-Син-Қаф, Қаф, Нун «Хуруф-ул Мұқатта-а» әріптеріне негізделген, жаңа ғасырға арналған «Хуруф-ул Мұқатта-а»  рухани-саналық сауықтыру ілімі. Он бес ғасыр бойы құпия болып келген бұл әріптердің қазіргідей әлем дүрлігіп жатқан уақытта сырының ашылуы Құран түскен заманнан бергі ең керемет оқиға және Алланың адамзатқа түскен рахымы.

Сондықтан қазақ елі – қазақ жері қазақ халқы т.б. халықтар соғыс, зіл-зала, су, от және түрлі жұқпалы аурулар апаттарынан аман болып ел басы айтып жүрген мәнгілік бейбіт елге айналу ұшін «Хуруф-ул Мұқатта-а» бейбітшілік туын көтеріп, солтүстіктен оңтүстікке қарай «Хуруф-ул Мұқатта-а» әріптері таңбаланған мұнаралар тұрғызып, барлық су көздеріне  (бастауларға) тас құрандар (нұсқалары бар) тастау керек. Ал  балабақшаларда, мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында көрсетілген Қааааф, Нуууун, То-Һә, Йә-Сиииин, ҰЛЫ САНА бейбітшілік ұранын жастар бірігіп хормен сабақ басталарда оқыса, әлемде жүріп жатқан имансыздық тіршіліктерін тоқтатуға себеп болып  зор денсаулықта, көркем мінезде, терең білімді саналы адамдар қатарына қосылады. Отбасы мұшелері бірігіп оқып Алладан тілесе мал жандары аман болады.

Жаңа ғасыр ілімі  «Хуруф-ул Мұқатта-а» кітабынан

Ордабай Сандыбайұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5627