Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5858 0 пікір 13 Шілде, 2010 сағат 04:46

Ерке жанға еркіндік жарасады!

Бүгінгі таңда Баян Есентаева білдей бес жобаның продюсері, үлкен сұранысқа ие журналдың бас редакторы және ортақ иемденушісі, танымал тележүргізуші, бизнес-леди. Бәріміз де «Махаббат станциясы» атты фильмде дебюттік бас ролі - сұлу, нәзік Гүлназды сомдағанын жақсы білеміз. Ол кезде жас актриса не бары 18 жаста еді. Баянның кинодағы жарқын болашағын болжағанымен, бұл рольден кейін ол ешбір киноға түскен емес. Алайда, дәл осы жылдың шілде айында, «Хабар» телеарнасының көрермендері Баян Есентаеваны Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы шығарған «Астана - махаббатым менің!» атты алғашқы қазақ-түрік толықметражды телехикаясынан тамашалай алды.

Баян, осыншама жыл артта қалғаннан кейін сіз қайтадан киноға оралдыңыз. Осындай ұзақ үзілістен кейін неліктен «Астана - махаббатым менің!» атты жаңа телехикаяда ойнауға келістіңіз?

Бүгінгі таңда Баян Есентаева білдей бес жобаның продюсері, үлкен сұранысқа ие журналдың бас редакторы және ортақ иемденушісі, танымал тележүргізуші, бизнес-леди. Бәріміз де «Махаббат станциясы» атты фильмде дебюттік бас ролі - сұлу, нәзік Гүлназды сомдағанын жақсы білеміз. Ол кезде жас актриса не бары 18 жаста еді. Баянның кинодағы жарқын болашағын болжағанымен, бұл рольден кейін ол ешбір киноға түскен емес. Алайда, дәл осы жылдың шілде айында, «Хабар» телеарнасының көрермендері Баян Есентаеваны Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы шығарған «Астана - махаббатым менің!» атты алғашқы қазақ-түрік толықметражды телехикаясынан тамашалай алды.

Баян, осыншама жыл артта қалғаннан кейін сіз қайтадан киноға оралдыңыз. Осындай ұзақ үзілістен кейін неліктен «Астана - махаббатым менің!» атты жаңа телехикаяда ойнауға келістіңіз?

Ең алғашқы рет кино табалдырығын  осыдан 18 жыл бұрын аттаған  едім, міне сол 18 жыл ішінде түрлі авантюралардан бас тартып, ешбір сценарийге түрлі себептермен келіспеген едім. Негізінен, олардың  бюджеті, сценарийі, режиссерлерінің атағы ұнамады. Жалпы алғанда, мен бұл тұрғыда өте талғампаз адаммын. Сөйтіп, бір күні, маған өте танымал екінші режиссер Руша (Мейірманова - автордан) телефон шалып, Ермек Шынарбаевтың фамилиясын айтып, ол жаңа фильм жасағалы жатқанын және оның продюсері Гүлнәр Сәрсенова екенін айтты. Ішімде бірнәрсе «зу» ете қалғандай болды. Бұл өте маңызды екенін, өте кәсіпқой жұмыс екенін бірден түсіндім. Өзім айналысатын заттарға өте маңызды, кәсіпқой тұрғыдан қарайтындықтан шешім қабылдадым. Дайындықсыз келсем де бейнебайқаудан еш қиындықсыз өттім, бет бояусыз, сәйкесінше киінбей тұрғанда «мына жерде камера тұрады, ал мынау оқитын мәтініңіз, бастай берсеңіз болады» деген еді. Менің серіктесім «Орда» тобындағы Дастан (Оразбеков - автордан)  болғандықтан, бірден жеңілденіп қалдым, себебі мен оны өте жақсы танитынмын. Қағазда не жазылып тұрғанын бірден ұқпадым, бір түсінгенім маған мінез байқату керек еді және Дастан менің інім екен. Әрине, бұл рольге өзге де үміткерлердің бар екенін маған айтты, бірақ бұл рольдің маған бұйыратынына еш күмәнім болмады.  Мен сомдайтын кейіпкердің кім екенін сұрадым. Ол әйелдің қандай екенін айтқаннан кейін мен оның бейнесін оңайлықпен, өмірде қалай істейтін болсам, рольде де дәл солай, өзімді қатты өзгертпей ойнап шықтым. Мен тым әсірелеп жіберуден қатты қорқамын, жалған кадрларды ұнатпаймын. Ең бастысы тым әсірелемеу керек, рас айтамын!

Тура бір апта өткеннен кейін маған Гүлнар Сарсенованың көмекшісі телефон шалып, әңгімелесуге шақырды. Гүлнәр Болатқызы менің бейнебайқаудан тамаша өткенімді және мені осы рольге бекіткені жайлы хабардар етті. Сценарий бойынша мен 5 не 6 түсірілім күніне қатысуым керек еді, ақырында бұл өте көп түсірілім күніне созылып кеткені сонша бұл роль негізгі рольдердің біріне айналды. Әрине, бұл үшін алғысым шексіз.

 

Режиссер өте риза екенін айтты. Ал түсірілім алаңында қандай атмосфера болды?

Мен бірлесе атқарған жұмыстан үлкен рақат алдым, әсіресе Ермек Бектасұлымен жұмыс істеу бір ғанибет. Нағыз кәсіпқойдың ісін бақыладым. Жалпы алғанда, бүкіл түсіруші топтан ләззат алдым, сені Мәскеуден келген кәсіпқой операторлардың түсіріп жатқаны керемет екен. Бұның бәрі Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы капитан болып бастаған алып кемені елестетті, бұл кеме бәрін білетіндей,  ойдағы барлық идеяны іске асыра алатын, бәріне үйрететіндей болды, сондықтан да бұл мен үшін жақсы мектеп. Мен өзім өте қыңыр адаммын, маған барлығы да алдын ала ұнамайды. Ал мұнда, түсірілім алаңында мен өзімді еркін сезіне алдым. Маған ешкім дауыс көтеріп, жұмысымды ауырлатқан жоқ. Еркелігімді еркін білдіре алдым, тіпті аяқ асты фреш ішкім келіп кетсе, көп ұзамай әкеліп беретін. Өзімді нағыз жұлдыз сияқты сезіндім, себебі менімен барлығы да дәл сондай өте жылы қарым-қатынаста болды, өзіме көп нәрсені істеуге шек қоймадым және бұны маған кешіретін. «Бұндай ерке жанға еркіндік жарасады!» деп Ермек Бектасұлы айтатын.

Менің білуімше, сіздің кейіпкеріңіз Лаура да тележүргізуші. Сонда істің мәнінде сіз өзіңізді-өзіңіз ойнағаныңыз емес пе?

Алғашында, бұл роль жағымсыз болуға тиіс еді. Оңбаған әйелді ойнауым керек болатын, себебі бірінші сценарий бойынша мен қарсыласымды өлтіремін. «О, бұл тамаша екен, бұл рольді ойнағым келеді» деген едім. Бұл ешбір қиындық тұғызбас еді ғой(күледі). Жалпы алғанда,  менің кейіпкерім Лаура - өте бақытсыз адам. Оның өзінің тағдыры, өмірге көзқарасы болатын, ал жеке өмірі сәтсіздікке толы. Әрине өте аянышты! Қаншалықты ойнап шыққанымды білмеймін, көрермен бағасын бере жатар.

Алғашында Лаура сондай оңбаған әйел болу керек еді, бірақ содан кейін ол мүлде өзге жағынан танылып, өте жағымды болып кетеді. Ол бас кейіпкерге өте ғашық болады, оған барлығын да кешіріп, ол үшін төсекті де салып, есікті де ашады, барлық күшімен оны бақытты қылуға тырысады. Өкінішке орай, жолы болмайды. Әрине дәл осындай жағдайды менің жеке өміріме ұқсатуға болмайды. Мені ешқашан тастап кеткен емес. Құдай сақтасын! Мүмкін, біреулер мен өзімді-өзім сомдадым деп ойлар, бірақ бұл мүлде олай емес. Көрермен не айтарын білмеймін, бірақ мен көрерменнің осы әйелге, осы кейіпкерге сенуі үшін барлық күшімді жұмсадым. Және менің кәсіпқой баянымда ешбір дақ пайда болмауы тиіс. Мені киноға түсуге жиі шақырады, негізінен байлардың әйелінің немесе тележұлдыз ролін береді. Мүмкін, осы 15 жыл бойы атқарған жұмысымның арқасында осындай бір стереотип қалыптасқан шығар.

Түсірілім алаңында кейбір актерлер мен актрисалардың өздерін психологиялық жағынан дайындап, рольге кіріп жатқандарын бақыладым, мен үшін бұл бір қызық оқиға секілді болатын, мен бар жоғы «камераны қосыңдар содан кейін бәрі «ОК» болады дейтінмін. Мен үшін басқа рольге кіріп кетіп, бағдарлама жүргізу қиынға соқпайды. Мүмкін бұл менің оптимисттік мінез-құлқым шығар. Маған барлығы да оңайлықпен беріледі, менің актерлік білімім де жоқ.

Ермек Бектасұлы менің өте дарынды екенімді айтты. Алғашында күлетінмін, қызықты көрінетін, меннен қандай актриса шығуы мүмкін. Бізде дайындықтар  мүлде болмады деуге  болады, «мен сізбен жаттығу жүргізгім келмейді, себебі сіз барлығын да бір дубльмен және өзгеше етіп істейсіз» дейтін. Сондықтан ол маған 25-інші рет дарынды актриса екенімді айтқан кезде сендім. Тағы да айта кететін жайт, кейіпкердің киімінің басым бөлігі - өзімнің киімдерім.

 

Бұл кезекті еркелік болды ма?

Бұл еркелік емес, бұл менің жұмысым. Мен әдемі киінуге үйреніп кеттім. Ең бірінші кезекте мен өзіме ғана сенемін. Себебі, әдемі көріну үшін қандай шара қолдану керектігін  жақсы білемін. Бұл салада мен кәсіпқоймын, себебі ненің қалай екені мен үшін мәлім. Суретшілердің кәсіпқой еместігін айтып жатқан жоқпын, дегенмен өз киімімде ойнау мен үшін ыңғайлы болды.  Біріншіден, киім менде өте көп, тағы да айтқым келетіні мен ең сәнді киімімді киген жоқпын, мүмкін мен қарапайым әйелдің ролін ойнағандықтан шығар. Сен аз боянуың керек деп айтатын, қарапайым болуға тырысуым керек еді, көйлек алып келгенде «бұл не көйлек, артық сәндіктер қажет емес деп айтатын». «Маған әдемі киінуге мұрша беріңдерші» дейтінмін.  «Бет бояуыңды шамаң келгенше қолданбауға тырыс», «Баян сен өте әдемі әйелсің, бірақ солай деп бояна беруге болмайды» деп Гүлнар Болатқызы айтты. Бәрі де қарапайым болуға тиіс еді, маған шашты тым қатты сәндеуге болмайтын және де бүкіл 12 серия бойынша мен қарапайыммын. Бұл тұрғыда көрермендер мені басқаша жағымнан таниды. Тіпті түстер де қарапайымдылық көрсетті, қызыл не жап-жасыл түстерден құдай сақтасын!

 

Сізге түрік актерлерімен жұмыс істеген ұнады ма?

Менің Бахар Акчамен бірге бір ғана түсірілім күнінде болдым. Біз барлығын да бір дубьлмен түсірдік. Менің кейіпкерім оны басқа әйелмен болғанын көріп қалады, бұл көрініс ұзақ болмады, көп болса жарты сағат қана. Маған ұнады. Өте дарынды актриса екен.

 

Түсірілім кезінде түрлі казустар болды ма?

Жоқ! Өйткены барлығы да 100%-ға дайын болды. Ешқандай форс-мажор да болмады. Олардың түсірілімнен кейін  тортты да алдын ала дайындап қойғандығы  мені таңқалдырды.

Бірақ, сценарий сағат сайын өзгеріске ұшырап отырды, біз алда не болатынын білмедік. Мәселен, мен түсірілім алаңына келгенде, не мәтінім өзгеріп, не оған бір фраза қосылып кетуі мүмкін болды. Мен актриса емеспін ғой. Мұнымен бос кезде ғана айналысамын. Бәріне де үлгеруге тура келді. Бұның бәрі, тіпті операторлық топтың жұмысынан бастап продюсерлік топқа дейін өте жоғары, кәсіпқой деңгейде жасалынды. Және еңбектерін мен бала кезімнен танитын режиссердің жұмысы жоғары деңгейде болды. Бұл телехикаяда өте көп өмір бар. Ол сондай шынайы. Кей кезде сондай шынайы фразалардың болып тұрғанын мен Ермек Бектасұлына да айтып отырдым. Мен өзгеше жеткізер едім. Ол «Енді сөйтіп айта сал» дейтін, ол менің түгелдей шығармашылық еркіндігім болғанына дәлел. Мен Лаураның олай істемейтініне сенімді болып, дауласып та кететінмін.

 

Сонда еңбегіңіз жанды дегіңіз келеді ғой?

Біздің жас мемлекетіміз осындай барынша қымбат кино түсіруге шамасы жететіндігі сондай жақсы. Бұл кино тарихындағы ең қымбат телехикая, мен оған қатысатынымды, бұл алғашқы қазақ-түрік телехикаясы екендігін, бұл алғашқы кәсіпқой телехикая екендігін мақтан тұтамын. Мәдениет Министріне осындай идеясы үшін, осының бәрін ойластырғаны үшін алғысымды білдіремін. Себебі бұның бәрі басты қатырмайды, ал біздің Президентімізге осындай сұлу да керемет Астанадай қаламыз бар болғаны үшін үлкен рахмет айтқым келеді.

 

Гүлнар Сарсенова, «Астана - любовь моя!» фильмінің продюсері

Шыны керек, біз оны осы рөлге бекіткеннен кейін одан не шығатынын өзіміз де білмедік. Алғашында бізде ажырасқан, өте гламурлы Лаураға арналған шағын роль болатын. Ал содан кейін оның бас кейіпкерлердің біріне айналып кетуіне тура келді. Ол сондай сезімтал, терең әйел болып шықты, менің ойымша ол ешкімді де өзіне селқос етпейді. Баян Есентаеваның мықты мінезін айтқым келіп отыр. Ол «self made woman», яғни өзін-өзі жасаған әйел. Ол энергетикалық жағынан күшті және сол қасиетін рольде де көрсете алды.

 

 

Ермек Шынарбаев, «Астана - любовь моя!» фильмінің режиссері

Егер түсірілім күндіз сағат екіге белгіленсе, онда Баян Есентаева төртте келетін. Бүкіл түсіруші топ ашуланатын. Сіз бір түсірілім сағаты қанша тұратынын білсеңіз ғой. Бірақ, оған қарамастан мен барлығын да сабырға келтіретінмін, мүмкін кей тұста өзімді де шығар. Сөйтіп Баян алаңға келгенде қолына мәтінін алып, көз жүгіртіп «Мен бірер минуттан соң дайын боламын!» дейтін. Ең сұмдығы - дәл солай болатындығы ғой. Негізінен Баян бәрін де бір дубльмен орындайтын. Ал рольді ойнағанын көрсеңіз ғой! Бұл тамаша актриса.

Ол жолына, тұрып жатқан үйіне, өзінің визижистіне ақшаны өз қалтасынан шығаратын, ал киім-кешегін тек өз киімдерінен таңдайты. Онымен жұмыс істеу тек рақат әкелетін.

 

А.Оспанов


 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036