Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3292 0 пікір 13 Маусым, 2016 сағат 15:45

Тәшкент ШЫҰ саммиті кезінде толығымен жабылуы мүмкін

23-24 маусымда болатын Шанхай ынтымақтастығы ұйымы (ШЫҰ) қарсаңында өзбек астанасында байбалам күшейді: саммит кезінде қалаға кіру мен шығу мүмкін болмайды. Бұл ақпаратты Озодликқа (Азаттықтың өзбек қызметі) құқық қорғау органдары растады.

Олардың біреуі Тәшкентте өтетін ШЫҰ саммиті кезінде тек ғана үкіметтің арнайы рұқсат қағазымен ғана кіріп-шығуға болатынын айтты.

Алдын саммиттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы қызмет шараға бір апта қалғанда, "Өзбекстан астанасына азаматтарға кіру мен шығуға тыйым салу жөнінде" шешім қабылдағаны хабарланған.

"Барлық автокөліктер мен теміржол транспорттары үшін қала жабық болады. Бұл талап кейбір әуетасымалдау қызметіне де қатысты", – деп жазады өзбекстандық ақпарат құралдары.

ІІМ маусым айынан бері барлық құқық қорғау органдары казармалық жағдайға көшірілгенін хабарлады.

Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті оқытушысының сөзінше, астанада қатаң бақылау жүріп жатыр. "Әрбір басқан қадам сайын милиционерлер тұрады. Топ-тобымен жүреді. Әсіресе кешкі сағат 10-нан кейін жүрген азаматтарды ұстап әкетеді. Құжатсыз қалада жүру мүмкін емес", – дейді ол.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1501
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3272
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5689