Жексенбі, 24 Қараша 2024
Мәйекті 3595 0 пікір 9 Маусым, 2016 сағат 18:26

Талғат Ермегияев 14 жылға бас бостандығынан айырылды

«Астана ЭКСПО-2017» қаржысын жымқырды деп айыпталған Талғат Ермегяевқа қатысты Сот үкімі жарияланды.  Аталған қылмыстық іс бойынша Сот отырысы соңында  Судья  Ермегяевті 14 жылға бас бостандығынан айыру және қатаң режімді колонияға жіберу туралы шешім шшығарды.

Осыған дейін ЭКСПО-2017-нің экс-төрағасына ҚР ҚК-нің 189 бабы, 4-б., 2-тармақ бойынша  және ҚР ҚК 311-бабының 5 б., бойынша аса ірі көлемде пара алды деген айып тағылған болатын.

«Талғат Ермегияевті кінәлі деп тауып, 8 жылға бас бостандығынан айыру және дүние мүлкін тәркілеуге, өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетуге, сондай-ақ,  қылмыстың ауырлығына сәйкес, 14 жыл бостандығынан айыруға шешім шығарамын. Айыпталушы жазасын өтеуі үшін қатаң режимді түзету колониясына жіберілсін. Сонымен қатар, Ермегияевтің меншігіне тиесілі мүліктер: Алматы қаласындағы бір пәтер, ВАЗ маркалы автокөлік, Алматы оьблысына қарасты екі жер телімі, Астана қаласындағы бір пәтер және екі жер телімі тәркіленіп, мемлекет есебіне қайтарылсын. Ал Ермегияевтің жұбайының дүние-мүлкі тәркіленбесін»,-деді Судья Әділхан Шайхисламов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5641