Жексенбі, 27 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3882 0 пікір 8 Маусым, 2016 сағат 10:06

Мәскеуде Ленин ескерткіші бассыз қалды

Ресей астанасы Мәскеудің орталығындағы Владимир Ленин ескерткішіне зақым келтірген факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Осылай деп Ресейдің ішкі істер министрлігі хабарлайды.

"Мүсінді бұзғаны үшін Мәскеуде Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша (вандализм) қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлайды Ресейдің ІІМ ресми өкілі Ирина Волк.

7 маусымда 10:30 шамасында полицияға Мәскеудегі Климашкин көшесіндегі мүсіннің қиратылғаны жөнінде хабар түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері белгісіз екеудің мүсінді орнынан тайдырғанын анықтаған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1532
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3154
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1150
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1063