Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Әдебиет 6686 0 пікір 5 Маусым, 2016 сағат 11:09

БІЗДІҢ ҚАЗАҚ АТ ҚОЙҒАН ТАУ МЕН ТАСҚА

Туған жерге кіндігімен байланған адамдар болады.   Мұхаметсапа солардың сойынан.  Қазақ әдебиетінде Жетісу тауларының тұтас ансамбілі мен полотносын жасаған ұлы эпик – Ілияс Жансүгіров дүниеге келген өлкеде туып өскен ол – әйгілі Ақсу бойындағы тамылжыған табиғатқа ғашық. «Қазір ауыл ағасы атанып қалсам да  тау тасымның сыры мен құпиясына әлі қанып біткен емеспін» дейді өзі.

Баласаз

Бессала  етегіне бойлай қонған

Шіліктінің талдары болған орман.

Бастаулардан басталған бұрым - бұлақ

Бүйенді* арна жасап өзен қылған.

 

Жүректің  күнгейлі  жақ төр  бетінде

Тұрады Жүрек тауы  жел  өтінде.

Қапалдан есілгенде бір жылы жел,

Қар  тұрмай  бұрқырайды шөп  бетінде.

 

Сылаңдап аққан төмен тасты Бүйен,

Түйедей тасты алып қашты Бүйен.

Ағатын күндіз – күміс, түнде алтын боп

Кереметін  көрсеткен  басты Бүйен.

 

Баласазға жалғанар Шыбынтайы

Ашушаң одан ары Жындысайы.

Қызыл мен Тесіктастан  өзен  құлап,

Құс қанаты суылдап бір тынбайды.

 

Жайлауын Баласаздың  көп  жырладым

Тамсанып әр тасына тал қармадым.

Шамамның жеткенінше жырға  қостым

Өлкемнің бел-белесін,   тау  қырларын.

 

Жер шалғай,  шағын ауыл тұрған  мына,

Тастарын қаптай басқан  мүк пен қына.

Тау  ішінде  бұйығы,  бейғам жатқан,

Баласаз бал бөбектей  қапты  тына.

 Ащыбұлағым

Аядай алтын ұям  Ащыбұлағым,

Сен менен ән сұрағын, жыр сұрағын.

Өзіңде туып өсіп есейсем де,

Білмейтінім бар екен,  көп  сұрағым.

 

Мына  жерде  не  болған,  ана  жерде?

Не қалған мына сайда, мына өрде?..

Дейтін сұрақ көкейді  көп  теседі:

Мына тұрған  не  қыстау  тұрған  төрде?

 

Ауылымның  сай- сала  жыңғылдары,

Біз  білмейтін ұңғыл мен  шұңғылдары.

Ат  қойылған  баяғы  бастау  белге

Өзгерген  жоқ  әлі де шың  құздары.

 

Мұздыбұлақ, Қоянкөз,  Аршалы  деп,

Бақалы, Тұрсынтөре, Тілеуке бет.

Өтсе де қанаша уақыт, қанша заман,

Естімедім бір жаңа  ат қойылды деп.

 

Біздің  қазақ  ат қойған  тау  мен  тасқа

Аспан қора, Қыз емшек, Жамбас тұма.

Аршалы Шаңырақпен қол алысып,

Алатау Сарытаумен болған құда.  

 

Ащыбұлақ, елің жомарт,  жеріңде - құт

Бірлігі  ажырамас есіңде  тұт.

Мен  өзім  ауылымды мақтан  етем

Бір-бірін аш  қылмайды болсада  жұт

 

Жеріміз  орын тепкен арал  түбек,

Ұқсастық бар қарашы  бейне   Жүрек*.

 Топырағына тәу етіп, келген-кеткен,

Дұға оқып аттанар тілек тілеп.

 Қобдалы сай

 Сарытаудың  нақ  басынан  бастау  алып

Бойына малға жайлы  қыстау  салып

Төмен  қарай созылып   Қобдалы  сай

Тік  жақпар  тас екі тауды  тұр ғой  жарып

 

Ар  жағы  бұралаңды үлкен  аңғар

Таулары   сонша  биік  емес  заңғар

Арғы  Сарытау  бергі  Сарытау  шекарасы

Қобдалы сай  екеуіне  болған  бағдар

 

Төменірек  Сарытаудың етегінде

Тар  кезең Қобдалының кетігінде

Мамырдың  мейрамдарын қарсы алушы  ек

Дәл  осы  Қобдалының  етегінде

 

Ортада әсем  тұрған арал   төбе

Шұғынық, рауғашты  шыға тере

Ауыл ел, бала  болып  мәз  болушы ек

Самал  желі қарсы алып бетті  өбе

 

Биіктен  ауыл  елге  қараймыз  біз

Шығады бұл  биікке соқпақты із

Төменде асыр  салып  допты қуып

Су шашып, бала болып ойнаймыз біз

 

Қобдалыдан ағады  шағын  бұлақ

Құрғақшылық  жылы қалады  суы  құрып

Осы  шағын  ағатын   бұлақ  суы

Жота  елін  суландырып тұр  ғой жырғап.

 

Қобдалының  екі  беті  қалың  шие

Таласушы ек  әр  бетке  болып ие

Бұзау  бағып  беткейімен  төскейіне

Жалаң  аяқ  жүрген   бізге,  болған  кие

 

Өтті өзіңде  бозбала, балалық  шақ

Талай  қызық бұл  жерде өткені  нақ

 Біз жүрген  жылға  су  мен іздер соқпақ

Елес пе елестері  балалық  шақ

 

Қобдалы өтті өзіңде   талай қызық

Болған  жоқ жаман  әдет ойлар  бұзық

Сейілдеп  қайтқан  міне  бар  бозбала

Тасыңа  салып  жүр ғой  атпен  сызық

 

Куәсі  болдың  талай  махаббатың

Көрсеттің  қуанышын  шапағаттың

Сырлы  сөз, сырлы сезім  бір  бөліскен

Қобдалы айналдың  бөлігіне  адамзаттың

 

Өзіңде  талай  қуаныш  қызық  өтті

Қос ғашық өзіңе  айтып  сырын  шертті

Үй болып, балалы  боп  міне қара

Басыңа  баласымен  тағы  кепті.

 Қарасу

Жұлдызбектен жоғары  бастау  алып

Қамыс, қоға басыңа  жастай  қалып

Төмен  қарай із  салып жылжып  едің

Қайнар бұлақ  қосылды  қостай  қалып

 

Бойыңда  адым  сайын  бір- бір тұма

Ағып  жатыр қосылып жарды  қуа

Әр бастаудың өзіндік  дәмдері  бар

Сарайыңды ашады, ішсең  дауа

 

Бір  тұма жалбызы  мол  майлы деймін

Ал бірі жеңіл өте  жайлы  деймін

Бірін  ішсең сарайың  ашылғандай

Ішіндегі кетер  міне  қайғың  деймін

 

Қасиетін  тұманың  ішкен  білер

Ал, біреуі жай су деп  көзге  ілер

Бұл  тұманың  қадірін  қасиеттерін

Сортаңның  суын  ішкен  жақсы білер

 

Қайнар бұлақ, тұма  бастау  қадірлісің

Өзіңді  құрметтейді қадір  кісің

Өзіңнің  бұлағыңның  көзін  ашып

Шорылдатып қояды  жақсы кісің

 

Мен  әр  кезде, әр уақытта  байқап жүрем

Бұлақ   көзін  ашқанның  мен де  бірі ем

Бірақта  Нүсіпбектің  жасағаны

Ол ашқан  қайнарларды  мыңдап  көрем

 

Басына тал  орнатып, су  құяды

Жоғарырақ  баспасын  деп  мал  тұяғы

Таңғы  азанда  белуардан  шешіп  тастап

Үстіне  бұлақ судан  су  құяды

 

Бар – жоғы  1-2 шақырым  жер

Тұма  су халықыңа  шипаңды  бер

Осы бұлақ  қайнардан  бастау  алған

Қара су  ауыл  елдің  сыңары  дер

 

Бойыңда қысы,  жазы  балығы  мол

Қыстаған  Қарасуда  ұясы  мол

Хан  балығы  деген  бұл  тәтті  балық

Тұнық  суда  қарасаң қарасы  мол

 

Міне бұл кіп-кішкене  өзен  бұлақ

Бойында таусылмайтын  шөппен  құрақ

Ала  жаз  бұзау  торпақ, ауыл  қойы

Бойынан  ешуақытта  кетпер  жырақ.

 

Бүйен – көркісің  сен  Суықсайдың

 

Бүйеннің  оң  жақ, сол  жақ  қапталында

Көрінер  қыз-  емшектің  шатқалыда

Бүйен  бойын  жағалай  қонған  ауыл

Өзіңе  көрік  қосар  көк  талыда

 

Өзен  бойы қымыздық  талды  бұта

Су  гүрілін  жібермей  жатыр  жұта

Алуан түрлі  қой  тасы  сыртқа  шыққан

Бұлаң  қағып  ойнайды  балық  зыта

 

Өзен  суға  беріп  тұр әсем  көрік

Бірер  жылда шығар  деймін суға  өрік

Сонау  жылғы  тасқыннан  пайда болды

Өзен  суға егіз  боп ағаш  берік

 

Бала  кезде  Бүйен  су  тақыр  болған

Балалар  кеп  доп  теуіп  қақпа  құрған

Қызылжардан  төмен  қарай  көзді  салсаң

Барлық  жарлар  көрінетін  бүйен жырған

 

Енді  міне  ну  жыныс  талды  орман

Бүйен  суға боп  жатыр   өзі  қорған

Судың  бойын  жайлаған   бұзау  торпақ

Сүйкенеді  жарға кеп  тасқын  орған

 

Бүйен  бойын  жайлаған  ауыл- аймақ

Қаз – үйрегі  бүйенді  жүрғой  жайлап

Бала- шаға тас  қалап  иірім  жасап

Суға  түсіп, мәз  болар шәшіп  ойнап

 

Бүйен  өзен  Суықсайға көрік  берген

Көрген  адам  бойына  жерік  кірген

Жағаласаң  өзен  су  қорек  дейді

Бөлінбесін деймін  мен  судан іргең

 

Бөлінбесін, ей халқым, судан  іргең

Оу бастан ақ  адамзат сумен  біргең

Су мен  жарық, жылылық, ауаменен

Бөлінбесін  ешқашан  бұдан  іргең

 

Міне, Бүйен аз  ғана  көрінісің

Болып жатқан бойыңдағы  жалпы ісің

Бүйен  өзен, Суықсай  халқым елім

Саған  көрік, саған  сурет  соны  түсін

 

Су жағалау  табиғат  аясында

Кәусарларын өзіңнен  аясынба

Дем алсаң  сен, тал  жағалап, суды  бойлап

Көгалды, талды  ойпаң  саясында

 

Керемет бір  құйылмайма  бойға  жігер

Көңіліңді көк  дөненмен  ерттеп  жібер

өзен  судың соқпақты  тар жолымен

Шарласын,бірге  шарла, ерсең  егер

 

Бүйен- өзен, Суықсайдың  әнді  аймағы

Біріккен  Бүйендердің бал қаймағы

Өзіңді  әнге  қосып, жыр – жырлаған

Көркіңе, жоқ, еліңнің  еш  тоймағы

 

Күнделікті көрген  жандар мән  бермейді

Бүйен – сұлу дегене қол  сермейді

Өзіңде  бардың дейді  қадірі  жоқ

Бар - жоғын  кейбір  жандар  елемейді    

 

Әрлі  Бүйен, сырлы Бүйен, нәрлі  Бүйен

Қадірлісің, қастерлісің, басты ием

Сылдырлап бір- біріне  жете алмайтын

Тасқа  соғып  секірген  толқын  киең.

 

«Өлең - өмір»

 

Өлең жаздым артым да мұра қалсын

Өлең  сенде ойлаймын  құба талсың

Әр бұршақтан шығатын, жапырақтар

Әр шумақта ақындар сенен алсын

 

Өлең, өзің ұлпасың, аппақ қарсың

Өрнек салған әйнекке  қырау  қарсың

Өлең сөзі аппақ  қар жерді  жапқан

Жапалақтап көктен жауған  шумақтарсың

 

Өлең өзің  гүлбәйшешек  көктем  әнсің

Наурыз  әнсің, сәуір сұлу әрі  сәнсің

Мамырда  алқызыл  гүл жыр шумақ  боп

Көктем  күн  әсем  жырға арқау  тәнсің

 

Жыл мезгіл  әрбір  күнің әнге  керек

Жырларды  жалғастырар ұйқас желек

Қиыннан қиыстырып  үн  қосатын

Әрбір күнің, жыл  мезгілі, сенің  демек

 

Ақында сенен қуат күш алады

Әрбір  күнің ол  маған жыр  сабағы

Өзіңнің іліміңнен білім алам

Әр күнің бөлек- бөлек бар салмағы

 

Туады құбылыстардан небір  өлең

Ой санаң ой  іздейді  ойлап  терең

Ойыңды  тыңнан терең  ой  ойатып

Жаулап  алар  сөз  шумақ  бойды  белең

 

Сөздер  кетсін ақ жауын ой  сіркіреп

Ұйқас ойлар көбейсін бір  дүркіреп

Санадағы  ой  сезімде найзағай боп

Сатыр – сұтыр боп кетсінші күн  күркіреп

 

Сонда  жақсы жыр  мен өлең  шығады

Асып  тасар жырдың  қайнар бұлағы

Қараңғы емес жап- жарық боп  айналаң

Есті блып шығар жырдың шумағы

 

Осылай бір жақсы- жақсы жыр  жазып

Жыр мәйегін түртіп- түртіп жүр  жазып

Терең  ойлы әсем  сөздер  жыйнаған

Бойыңа  өзің нәр қып жыйна, бұл азық

 

Өлең деген жыр  әлемде нұр  қазық

Өлең сөзі  жатық  болса  жыр  жазық

Түсінбейтін  ойы  бөлек  өлеңді

Кейбіреулер  өлең  қылып  жүр  жазып

 

Не мәтін жоқ, не мағына,  неұйқас

Ондай  жырға сана қарсы, болар қас

Ондай  жырлар өміршең еш  болмайды

Не жылу  жоқ, не қызу  жоқ, қара  тас

 

Жазба  өлең  көздің майын  тауысып

Ойың жүрер жайдақ оймен қауышып

Ақ қағазға қалам  кетер  жорғалап

Өлең  сөздің  буындары ауысып

 

Жақсы  өлең ұрпақтарға мирас  ол

Жақсы  ойда  болмас деймін қиғаш  қол

Өткір оймен  сырлы  сезім  ұйқасы

Жаман оймен бір  арнаға сыймас ол

 

Өлең деген менің денем ой  санам

Өлең сөздің мағынасынан  сыр бағам

Өлең  сені   жазбас бұрын  неше  күн

Шартарапқа  ой жіберіп ойланам

 

Теңеу іздеп, жалғау іздеймін жыр  саған

Нық тұрсын деп таймасын деп  жыртағам

Жыр  құдіреті, сөз құдіреті  үндес боп

Көтерілер әсем өлең жыр бағаң

*Бүйен - өзен аты

*Жүрек - тау аты

Мұхаметсапа Қауысов

Ащыбұлақ ауылы

Ақсу ауданы

Алматы облысы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2060