Дүйсенбі, 27 Мамыр 2019
Қоғам 2302 0 пікір 26 Мамыр, 2016 сағат 11:35

НОБЕЛЬ СЫЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ ОРТАҚ ВАЛЮТА ТУРАЛЫ ОЙЫН АЙТТЫ

Еуразия экономикалық одағы аясында ортақ валюта енгізу туралы солтүстіктегі көршілер жақтан екпін-екпін ұсыныстар айтылғанымен, Қазақстан мен Беларусия тарыпынан қарсылық байқалған-ды. Одақты құрушы негізгі үштіктің екеуі қарсылық білдірген соң, РФ президенті Путин де тізгін тартқандай сыңай танытқан.

«Еуразиялық экономикалық одақ аясында ортақ валюта енгізу қате қадам болар еді!». Экономика саласы бойынша Нобель сыйлығын алған Эдвард Прескотт Астанадағы Назарбаев университетінде оқыған арнайы лекциясында осылай депті. Эдвард Прескотт Елордада өтіп жатқан Астана экономикалық форумына қатысушы ретінде, «Spring Astana Economic School» бағдарламасының аясында Назарбаев Университетінде дәріс оқыды, - деп жазады  «NewTimes.kz» порталы.

«Мен ортақ валютаның болашағына күмәнмен қараймын. ЕАЭО аясында ортақ валюта енгізу де ең ұтқыр шешім деп айта алмаймын. Себебі, аталған идея ЕО-дағы еуроның баламасы ғана. Ал еуроның қазіргі жағдайына қараңызшы. Сондықтан еуроға қарап тұрып, қандай да бір одақ аясында ортақ валюта енгізу дұрыс болады дегенмен мен келіспеймін», - дейді Прескотт.

Сонымен қатар, обель сыйлығының иегері Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусия, Армения бестігі құрған жаңа интеграциясы туралы да ойларын ортаға салыпты.

«Меніңше, еркін сауда айналымы – бұл әрқашан да жақсы. Бұндай процесске қатысушы барлық тарап ұпай еншілейді, ұтады», - дейді сарапшы.

Анықтама:

Эдвард Прескотт – американдық экономист, Нобель сыйлығының 2004 жылғы иегері, «Әлемнің ең үздік 100 экономистінің» қатарына кіреді.  Ол АҚШ, Миннеаполис штатындағы Федералды, резервтік банктің кеңесшісі, Аризона бизнес Университетінің профессоры.

Айсұлу Тұрсынбаева

Abai.kz

 

 

 

0 пікір