Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3291 0 пікір 25 Мамыр, 2016 сағат 10:55

Сириядағы шабуыл кезінде ресейлік әскери техника жойылды

Америкалық Stratfor жекеменшік барлау агенттігінің мәліметінше, жер серіктері түсірген суреттер артиллериялық соққы кезінде Сириядағы Ресей пайдаланатын әскери базаның «едәуір зиян шеккенін» көрсетеді.

Ұйым жақында содырлардан тазартылған ежелгі Пальмира қаласының төңірегіндегі шабуылдар кезінде төрт бірдей ресейлік «Ми-24» тікұшағының жойылғанын хабарлайды.

Фотосуреттер бұдан бөлек, тағы «20 шақты техниканың» жойылғаны туралы «үлкен сеніммен айтуға мүмкіндік береді». 14 мамырда «Ислам мемлекеті» базаға жасалған шабуылды мойнына алды және оның нәтижесінде төрт тікұшақ пен оқ-дәрі тиеген 20 шақты жүк көлігінің жойылғаны туралы мәлімдеген болатын.

Stratfor келтірілген зиян көлемі Сирия президенті Башар Асадтың негізгі одақтасы - Мәскеуге бұл елдегі әскери шара барысында “үнемі қауіп-қатерге душар болатынын” есіне салып отыратынын айтады. Ресейдің қорғаныс министрлігі бұл хабарды "ИМ таратқан үгіт-насихат" ретінде атап, жоққа шығарды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381