Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3562 0 пікір 20 Мамыр, 2016 сағат 16:39

ТҮРКИЯНЫҢ ЖАҢА ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ ЙЫЛДЫРЫМ БОЛУЫ МҮМКІН

Түркияның көлік, кеме қатынасы және байланыс министрі Бинали Йылдырым елдің билеуші Әділет және даму партиясының (ӘДП) атынан үкімет басшылығына жалғыз кандидат ретінде ұсынылады.

РИА Новости хабарлағандай, бұл жөнінде партияның баспасөз хатшысы Омер Челик 19 мамырда өткен партияның басқарушылар кеңесінің отырысынан кейін мәлімдеген.

Түркияда партияның лидері дәстүр бойынша елдің премьер-министрі болады.

"Бинали Йылдырымның кандидатурасын жексенбі күні болатын партияның съездінде қарайды", - деп мәлімдеді Челик.

Йылдырым 2002 жылы Әділет және даму партиясы атынан Түркия парламентіне сайланған, осыдан кейін 13 жыл бойында Түркияның көлік министрі болып келеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415