Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4610 0 пікір 20 Мамыр, 2016 сағат 15:50

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ МАЙТАЛМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

М. Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайы Алматы облысындағы «Үздік мәдениет мекемесі» болып танылып, автокөлік ұтып алды. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай өзге де өнер ұжымдары мен өнерпаздар арнайы дипломдармен және 100 мың теңге ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Бұл туралы бүгін Талдықорған қаласында І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткен жиында белгілі болды,-деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты.



Дәстүрлі түрде үшінші жыл ұйымдастырылып отырған бұл кәсіби мерекеде аудан, қалалардың, облыстық мекемелерінің 2016 жылғы жетістіктерін көрсететін көрме ұйымдастырылып, мәдениет саласының тыныс-тіршілігі туралы арнайы дайындалған фильм көрсетіледі.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Амандық Баталов облыстағы мәдениет және өнер ұжымдарының жеткен жетістіктеріне, ел тәуелсіздігінің 25 жылында атқарылған игі істерді насихаттаудағы өнер адамдарының сіңірген еңбегіне, сонымен қатар алға қойған міндеттерге тоқталып өтіп, рухани саланы дамытуға ерекше назар аударылып отырғанын жеткізді. Мәдениет нысандарына күрделі жөндеу жүргізіліп, жаңа нысандардың құрылыстары басталуда, штат бөлініп, материалдық-техникалық базалары нығайтылып келеді, сондай-ақ қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерінің шешілуіне де көңіл бөлінуде. Бұл орайда ескерткіштер орнатуға, кітап басу ісіне де айрықша назар аударылып отыр. Осы және өзге де атқарылған істер мен көрсетілген қолдаулар туралы атап өткен облыс басшысы А. Баталов:

- Құрметті өнер саласының қызметкерлері мен ардагерлері! Бүгінгі ерекше мереке күні мәдениет пен өнер саласына еңбегі сіңген аға буын өкілдеріне айтар алғысымыз шексіз. Еліміздің өркендеп-өсуіне, мәдениет биігіне шығармашылық тұрғыдан қызмет етіп, халықты тамаша өнерлеріңізбен қуанта беріңіздер! – деп ізгі тілегін жеткізді.

Құттықтау сөзінен кейін А. Баталов өз ісінің үздіктерін марапаттап, облыс әкімінің және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамоталарын, сонымен қатар 16 номинация бойынша жеңімпаздарға сыйлықтар тапсырды. Атап айтқанда, облыстық Б. Римова атындағы драма театр әртісі Базарбай Тоқымтаев «Үздік актер» , осы ұжымның актрисасы Толғанай Ағламова «Үздік актриса» атанды. Сүйінбай атындағы облыстық филармония әншісі Бақберген Асқарбеков «Үздік әнші», осы өнер ошағын ың өнерпаздары Алтынай Күрішбаева «Үздік биші», Алма Кішікбаева «Үздік музыкалық аспапта орындаушы» номинациясын жеңіп алды. Сол сияқты Жамбыл ауданы Қаракестек ауылдық және Іле аудандық кітапханалары, Панфилов ауданындағы «Айжанқыз» халықтық би ансамблі және басқа да бірқатар ұжымдар үздіктер қатарынан көрінді. Жеңімпаздардың барлығына диплом және 100 мың теңгенің сертификаты табысталды.

Сондай-ақ «Сүйінбай сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамбліне жаңа автобустың кілті берілді.

Мәдениет саласының ардагері ретінде Надежда Лушникова мен   сала қызметкерлері атынан Алакөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Арнұр Садықов сөз сөйлеп, мереке қорытындысында өнер шеберлерінің концерті ұсынылды.

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417