Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Мәйекті 4691 0 пікір 20 Мамыр, 2016 сағат 10:09

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС 65 МЛН. ТЕҢГЕНІ СЫЙЛЫҚҚА ЖҰМСАҒАН

Бюджет қаражатын игере алмай қаламыз деп уайымдаса керек, кейбір мемлекеттік органдар былтыр қазына қаржысын сый-сыяпат жасауға шашыпты. Олардың қатарында ҚР Бас прокуратурасы мен Конституциялық кеңес те бар. Бұл туралы кеше Мәжілістегі Қаржы министрінің қатысуымен өткен жиында айтылды деп хабарлады KTK.

Министр Бақыт Сұлтановтың айтуынша, 2015 жылы бюджет қаражатының 7,8 млрд теңгесі игерілмей қалған. Сондай-ақ, Есеп комитеті 459 млрд теңгенің тиімсіз жұмсалғанын анықтап отыр. Осылардың салдарынан 7 мектеп пен 7 аурухана салынбаған. Ал, ауруханалардың қоймаларында артығымен алынған дәрі-дәрмектен аяқ алып жүре алмайсың.

"Мәселен, тұрғынүй құрылысына бөлінген 39 миллиард теңгенің 1 миллиарды игерілмеген. Шенеуніктердің кесірінен қаншама адам пәтерсіз жүр. Бұған қоса 7 мектеп пен 7 аурухана салынбай қалған", - дейді депутат Гүлмира Исімбаева.

Бұл аздай, тендерге қатысатын кәсіпкерлер де бюджеттің қаржысын май шелпекке айналдырып алыпты. Былтыр бизнесмендер жалған құжат толтырып, бюджетке 1 трлн теңге салық төлемеген.

Нұртай Сабильянов, Мәжіліс депутаты:

-Яғни 484 мердігер мемлекет қаржысын алғанымен дұрыс жұмсамаған. Соның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 409 млрд қаржы жұмсалған. Содан алынуға тиіс 130 млрд салық алынбаған. Мемлекеттік сатып алуды қарасақ, 1,5 трл қаражат кеткен, содан 430 млрд теңге салық алынбаған. Бұлар немене, сонда мемлекеттің қаржысын алып, жалған кәсіпкерлерге берген бе?

Есесіне, прокурорлар бюджеттің қаржысын аямапты. Бас прокуратура бір-біріне сыйлық алу үшін мемлекеттің миллиондарын шашқан.

Омархан Өксікбаев, Мәжіліс депутаты:

- Былтыр бас прокуратура 108 млн.қаржыны сый-сияпатқа жұмсаған. Не сонда бұл құқықтық мекеме емес, сонда сыйлықты кімге беріп жатыр? Нені үлестіріп жатыр? Бұл не деген шығын? Конституциялық кеңес өзі бас-аяғы 30 адам жұмыс істейді, 65 млн ақшаны шығындаған, сол біреуге сый беруге.

Ал, өңірлердегі әкімдер қазынаның қаржысын жұмсағанда ешбір тәртіпке бағынбайды екен. Мәселен, былтыр аймақтар 352 млрд теңгені заңсыз пайдаланған. Ол үшін әкімдер мен вице-министрлерге сөгіс жарияладық деп құтылды Қаржы министрі. Бұны місе тұтпаған депутаттар, енді мемлекетке келген шығынды, бар ақшаны ұқсата алмаған шенеуніктердің өздері көтерсін деп отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1551
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3347
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6204