Сенбі, 23 Қараша 2024
Сын 2937 0 пікір 19 Мамыр, 2016 сағат 10:28

Ресей салықты өсіруды жоспарлап отыр

Ресей билігі 2018 жылы президенттік сайлаудан кейін бірден салықты өзгертуді ойластырып отыр. Онда кіріс салығын 13 пайыздан 20 пайызға көтеру қарастырылған деп Wall Street Journal ресейлік үкіметтегі дереккөзге сілтеме жасай отырып жазады.

Ондағы ақпаратқа сәйкес, Ресей үкіметі салықты өсірудің бірнеше жолдарын қарастырып жатқанға ұқсайды. Кіріс салығын көбейтудің екі жолы қарастырылған: біріншісі қазіргі жүйені сақтай отырып 20 пайызға дейін өсіру және кім көп табыс табады, солар көп төлейтін болады. Газеттің дереккөзі сонымен бірге қосымша құн салығын (ҚҚС) да өсіруді қарастырып отырғанын айтқан. Бүгінде Ресейде ҚҚС 18 пайызды құрайды.

Ресей Федерациясының 2016 жылғы бюджеті барреліне 50 доллар бойынша есептелген. Ал тапшылық 3 пайызды құрауға тиіс. Алайда мұнай бағасы алғашқы тоқсанда көрсетілген бағамнан төмен болды. Сол себептен Ресейдің бюджет тапшылығы болжанған көрсеткіштен жоғары.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5456