Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3291 0 пікір 23 Қыркүйек, 2016 сағат 09:47

Алматыда қоғамдық көліктің 300 жүргізушісі ЖҚЕ бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Алматы қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметінің мәліметтері бойынша, «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы жолаушылар көлігінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен азайту мақсатында өткізілді.

«Рейд барысында инспекторлар көлік құралдарының техникалық жай-күйі мен констукциясына, олардың қосалқы апаттық жағдайдағы шығатын есіктерінің жұмыс істейтін-істемейтіндігіне, рульдік, тежегіш және отын жүйелерінің жарамдылығына ерекше назар аударады. Бұдан басқа, көлік құралдарын қайта жабдықтаудың заңдылығы, реттелетін бағыт бойынша жолаушы тасымалдауға берілген рұқсаты тексеріледі»,- деп хабарлады Алматы қаласының ІІД-нің Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция подполковнигі Жасұлан Байкенов.

Бұрнағы жылдар тәжірибесі көрсеткендей, қоғамдық көліктің техникалық ақауының зардапты болуы мүмкін. Көп жағдайда болмашы ақау кесірінен жол-көлік оқиғалары болып жатады. Полицейлердің айтуынша, ондай тәртіпбұзушыларға қауіпсіздік талаптарына сәйкеспейтін жолаушы көлігін пайдалануға тыйым салу шаралары қолданылады.

«Көбіне тәртіп бұзушылар туралы бізге тұрғындардың өзі хабарласады. Жолаушылар көлігі жүргізушісінің кінәсінен болған ереже бұзушылықты көрген қырағы куәгерлер сенім телефонына, ІІД-нің delta@police.kz электронды поштасына және Департамент басшысының Блогына хабарласады. Біз мұндай хабарламаларды мұқият тексереміз және оған тиісті шара қабылдаймыз»,- деп атап көрсетті Жасұлан Байкенов.

Гүлнар Жаманқұлова,

Алматы қаласының ІІД Баспасөз-қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588