Жексенбі, 24 Қараша 2024
Деп жатыр 4137 0 пікір 22 Қыркүйек, 2016 сағат 16:06

БАПКЕР: КЕБІСПАЕВ РИОҒА АЛТЫН ҮШІН БАРҒАН

«Рио да өткен жазғы Олимпиада ойындарында грек-рим күресінің балуандарының алғашқы күні жеребесі тартылғанда 59 келі салмақ дәрежесіндегі Алмат Кебіспаев алтын ал, 75 келі салмақ дәрежесіндегі Досжан Картиков қолаға қол созу керек деп іштей топшылағанмын» - дейді Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Серік Жұмашев.

- Олай дейтінім Алмат әлемдегі барлық қарсыластарымен белдесіп, барлығынан айласын асырған. Тәжірибесі де өте мол нағыз топ жаратын шағында еді. Бірақ бәрі мен ойлағандай болмай шықты. Балуан функционалдық жағынан дайын емес. Яғни қазақша айтқанда шаршап қалды. Әйтпесе Алмат екінші кездесуінде сылбырлық танытатын балуан емес. Бірінші белдесуден кейін ашылып, ары қарай жана тұс етін. Бірақ жапон балуанымен боз кілемге шыққанда-ақ Алмат шаршап белдесті. Бұл дегеніңіз балуанның дайындық жұмысы дұрыс жүргізілмеген.Мен оны өзімнің тәжірибеме сүйеніп айтып отырмын. Яғни грек –рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Олимпиада ойындарына дайындық барысы кезінде жаттығу жұмыстарын дұрыс жолға қоймай соның салдарынан балуандарды қатты қинап шаршатып алған. Әйтпесе тәжірибелі спортшылардың екінші кездесуден кейін ақ білгендерінен жаңалатын жөндері жоқ еді.

Серік Мұратұлы Балуандардың жеке бапкерлері де бар ғой. Бәлкім қателік солардан кеткен болар?

- Бұл жерде жеке бапкерлердің еш кінәсі жоқ деп ойлаймын. Өткені құрамаға бас бапкер жауап береді. Яғни Таңат Өмірзақұлы. Барлық Олимпиадаға дайындық жоспарын сол кісі дайындады. Сондықтанда балуандар мен олардың жеке бапкерлері тек сол кісінің айтқанымен ғана дайындалды. Мен өзім бірнеше жыл жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы болдым. Сол кезде әлем чемпионаттары мен жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына дайындалған кезде барлық жоспарды өзім құрып, балуандардың бабында болуына тек өзім ғана жауап беретінмін. Жеке бапкерлер тек менің айтуым бойынша жұмыс жасайтын. Сондықтанда грек- рим күресінде Олимпиада төрінде белдескен үш жігітіміздің де дайындығы дұрыс болған жоқ. Олар бапкердің қателігінен өздерінің қолдарында тұрған жүлделерінен айырылып қалды.

Грек-рим күресіндегі Олимпиада ойындарындағы балуандардың сәті сіздігіне кінәлі сонда тек бас бапкер ғана ма?

Менің ойымша солай. Өйткені командаға сол кісі жауап береді. Қарапайым жанкүйер көзіменен қарайық. 75 келі салмақтағы қос мықты Ресей және Оңтүстік Корея балуаны бір жаққа түсіп қалды. Жеребе бойынша . Досжан Картиков кемінде қола алатын толық мүмкіндігі болды. Ол өте жас.Бірақ мүлдем күресе алған жоқ. Өйткені бойынша күш қуаты болмады. Бапкер оның бар мүмкіндігін жаттығу кезінде сарқып алған. Спорттық тілмен айтқанда дайындық шегінің шыңына шығара алған жоқ. Керсінше оларды құлдыратып алды. Психологиялық тұрғыдан жанып кететін жас балуан емес. Барлық ірі жарыстарда күресіп тәжірибе жинақтаған әккі спортшы . Осы Олимпиада боз кілеміне шыққан балуандардың барлығымен күш сынасқан. Досжан Азия чемпионатында қалай күрескенін жақсы білесіздер қарсылас шақ келтірген жоқ. Ол кезде спорттық бабында болатын. Ал Риода кересін ше бабы төмендеп кетті. Жаттығу жиындарында балуандардың қиналып кеткендері көздерінен көрініп тұрды. Әзірбайжандық қарсыласын әлем чемпионатында ұтқанын білесіздер. Бұл жолы да өз басымдылығын байқату керек болатын. Бірақ күш болмай қалды бойында. Ал Нұрмахан Тінәлиев болса кілемге бірақ мәрте шықты. Нұрмаханда артық айтқандық емес. Толық қола алатын мүмкіндігі болды. Әрине фавориттер Куба және Түркия балуандары екендігі белгілі. Нұрмаханның жеребесіне қарсаңыз. Жартылай финалға дейін еш қиналмай жететін толық мүмкіндігі болды. Жартылай финалда Түрік балуанымен жолғатын еді. Бәлкім финалға да шығып қалуы ғажап емес еді. Бірақ бірінші айнламда –ақ неміске есе жіберді. Көгілдір экран арқылы қаншама жанкүйер куә болды. Боз кілемнен бір аударғанға шамасы келмеді. Қарымында күш болмады. Нұрмахан ондай балуан емес қой. Кілемдегіні жұлып алатын толық мүмкіндігі бар. Шаршағандықтан мүлдем белдесе алған жоқ. Европалық балуандар бір ұпай аласа болды. Кілемде әрекет жасамай жүріп алады. Нұрмахан оны жақсы білді. Бірақ қуып жүріп күресетін шама болмады. Дайындық жұмыстары кері әсерін тигізді. Осылайша Олимпиада ойындарынан грек – рим күресінің балуандары қола тұрған жүлделерін ала алмай бос қоржын оралды. Амал бар ма өкініш өзегіңді өртейді. Топ жарып жүлдеге ілінген балуандардың еш қайсысы біздің жігіттерден артық емес қой. Енді тек Токионы төрт жыл күтеміз ал оған дейін ұлттық құрама бас бапкерін алмастырмасақ ісіміз алға баспайды.

Сіздің ойыңызша енді не істеу керек?

Менің жек пікірім бұл. Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы ретінде айтарым. Біздің елде грек рим күресінің өзіндік мектебі болған. Қазір ол үзіліп барады. Жалғастығы жоқ. Сондықтанда осы мәселені мықтап қолға алу қажет. Жақсылық Үшкемпіров ағамыз бар. Дәулет Тұрлыханов ағаларамызбен ақылдасып Спорт саласының басшылары федерация өкілдері болсын. Сол кісілермен кеңесіп қолынан іс келетін бапкерлерді тағайындаса. Дәулет Болатұлының қолына бар мүмкіндікті берсе. Күреске сол кісі толықтай жауап беретін болса міндетті түрде нәтиже болады. Мен баға сөз басында айтып кеттім талантты балуандар тәрбиеледік деп. Жасөспірімдер Олимпиадасының тұңғыш чемпионы Жәнібек Қандыбаев, әлем чемпионы менің марқұм әкенің шәкірті Артур Ұмбетқалиев, Мейрамбек Анйақұлов, Ақапн Баймағанбетов секілді жігіттер шықты. Қазір жастар арасында әлем чемпионы атанған Тамерлан Шадукаевта жасөспірім кезінде Нұрым Дүйсенов секілді бапкерлерден тәлім алған. Сондықтанда енді Токиода бәрі кеш болмас үшін бүгіннен бастап қимылдауымыз қажет.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5598