Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2315 0 пікір 19 Қыркүйек, 2016 сағат 09:38

Қазығұрттың 150 тонна жүзімі экспортталды

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы баспасөз қызметінің ұйытқы болуымен республикалық және облыстық журналистерге Қазығұрт ауданындағы «Аманкелді» ЖШС-на пресс-тур ұйымдастырылды. Бұл туралы "Абай-ақпарат" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Тілшілер онда шаруа қожалығындағы жүзім алқабы мен бау шаруашылығымен танысып, ондағы жұмысшылармен сұхбаттасты.

Бүгінде 150 гектар алқапқа егілген жүзімнің күздік түрлері жиналып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізуде. Осы күнге дейін жиналған өнімнің 150 тоннасы Ресейге жөнелтсе, басқа жемістердің 100 тоннасын шетелге экспорттаған. Күздік жиын-терім қызу жүріп жатқан шаруа қожалықта бүгінде 150 тонна жүзім, 100 тонна алма, 80 тонна қара өрік пен 80 тонна алмұрт асханалық-сортты жемістер жиналған. Жиналған өнімдер балғын түрінде күндегісі нарыққа саудалануда.

Жалпы ауданда 2266 гектар алқапқа бау-бақша өнімдері егілген болса, оның 500 гектары осы серіктестікке тиесілі.

Мұнан бөлек, шаруашылықта 2 мың тонналық жеміс-жидек пен көкөніс сақтайтын мұздатқыш қоймасы бар. Бүгінде Нұрлан Құралов басшылық етіп отырған «Аманкелді» ЖШС-не 3800 азамат маусымдық және тұрақты жұмысқа орналасқан.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5652