Бейсенбі, 8 Қазан 2026
Жаңалықтар 3512 0 пікір 16 Қыркүйек, 2016 сағат 10:55

Мәскеуде қаза тапқан қырғыз қыздарға ескерткіш аллеясы салынады

 

Бішкек әкімі Албек Ибрайымов Ресей астанасындағы баспаханада шыққан өрттен қаза тапқан қырғыз қыздарға ескерткіш аллея салу туралы қала тұрғындарының бастамасын қолдады.

Бішкек әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, шыбықтар Бакаев және Айни көшелерінің қиылысында отырғызылады. Астаналық муниципалитет басшысы Ибрайымов қалалық қызметтерге жер бөліп беріп, онда ағаш отырғызуды тапсырды.

Бұған дейін Facebook әлеуметтік желісіндегі бастамашыл топ Бішкекте қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың құрметіне аллея салу туралы ұсыныс тастаған еді. Қырғыз қыздарының өмірін жалмаған Мәскеудегі өрт 2016 жылы 27 тамызда тіркелді.

"Бұл бастаманы мыңдаған қырғызстандықтар қолдап шықты, шетелдегі қырғыздар да осы ұсынысқа қосылды. Әкімге жолдауға 567 Бішкек тұрғыны қол қойды", - делінген астаналық әкімдік таратқан хабарламада.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 881
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1174