Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4959 0 пікір 20 Тамыз, 2010 сағат 08:05

Үмбетбай Уайдин. Біз қуана білеміз бе?

...Айтпақшы, біз осы күле білеміз бе? Жалған күлкі жайлап барады деген не әңгіме? Бір сәт жұртқа құлақ тосайық. «...Шын күлкімен күле алмай келеміз» (Жеңіс Шыныбеков: Осы біз шын күле аламыз ба?.. «Алматы ақшамы», 29.04.2010 ж.).
«Иманды, Инабатты күлкі азайды» (Толымбек Әлімбекұлы. «Жұлдыздар отбасы», №7, 2010 ж.).
«...Бір спектакльден налып қайттым. Біздің халық арзан күлкіге әбден үйреніп алған» (Асанәлі Әшімұлы: Менің жанрым - күнделік. «Алматы ақшамы», 13.02.2005 ж.).
«Қазіргі жастардың әзілдері біздікінен алшақ. Күлмейтін нәрсеге күле береді. Бос күлкі көп» (Асанәлі Әшімұлы: Менің жанрым - күнделік. «Алматы ақшамы», 17.04.2010 ж.).

...Айтпақшы, біз осы күле білеміз бе? Жалған күлкі жайлап барады деген не әңгіме? Бір сәт жұртқа құлақ тосайық. «...Шын күлкімен күле алмай келеміз» (Жеңіс Шыныбеков: Осы біз шын күле аламыз ба?.. «Алматы ақшамы», 29.04.2010 ж.).
«Иманды, Инабатты күлкі азайды» (Толымбек Әлімбекұлы. «Жұлдыздар отбасы», №7, 2010 ж.).
«...Бір спектакльден налып қайттым. Біздің халық арзан күлкіге әбден үйреніп алған» (Асанәлі Әшімұлы: Менің жанрым - күнделік. «Алматы ақшамы», 13.02.2005 ж.).
«Қазіргі жастардың әзілдері біздікінен алшақ. Күлмейтін нәрсеге күле береді. Бос күлкі көп» (Асанәлі Әшімұлы: Менің жанрым - күнделік. «Алматы ақшамы», 17.04.2010 ж.).

Біз осы қуана білеміз бе? Жалған қуаныш жайлап барады деген не әңгіме?
Жоғы табылған адамның қуанышы қандай? Онда өтірік, жалған не бар?
Кім не нәрсеге қалай күледі, қалай қуанады - адамдардың жан дүние тазалығын мен өзім олардың күлкісімен, қуанышымен өлшеймін. Оқып отырған басылымдарда «қуаныш» сөзі көзіме түссе, жалма-жан астын сызып, қағазыма түртіп алатын дағдым бар, соны ұсынайын.
Қуана білу, қуанта білу де - бақыт (Дінмұхамед Қонаев).
Қуана білмегенге - құт қонбайды, бағалай білмегенге - бақ тұрмайды (Әбіш Кекілбаев).
«Кітап жаршысы» басылымынан ақын, журналист Мылтықбай Ерімбетовтің күнделіктеріне көзім түсіп, сүйсініп оқыдым. Сүйсініп оқыған себебім, онда бір түйір жаттанды, жасанды, жалған ештеңе байқалмады. Қуанышы да - шын, күрсінгені де - шынайы.
«Жарылқаптың (Бейсенбаевтың) «Буырқанған бояуларын» оқыдым. Өте тамаша кітап». «Комсомол сыйлығын ойланбастан берер ем. Әттең, қолда билік жоқ!»
Танысын, танымасын, біреудің табысына, же­тістігіне көзінше, сырттай қуану - қандай жақсы қасиет! «Өте тамаша кітап!» дейді. Елейін десе, марапатқа ұсынайын десе - қолында билік жоқ!
«Сағат Әшімбаевтың «Талантқа тағзым» кітабындағы Өтежан Нұрғалиев поэзиясы туралы мақаласы ұнады. «Жақсы өлеңге - дәлел осы» деген пікірі, әсіресе, ұнады. Өтежанды оқығанда Бейімбет, Шукшин есіме түсіп еді. Сағат та солай келтіріпті. Менің есіме алыста, Мырзашөлде жатып, жақсы дүниелер жазып жатқан Есенғали досым Раушанов түсті («Кітап жаршысы», №6, маусым, 2009 ж.).
Сағаттың пікіріне қосылады. Өтежан ақын­ның поэзиясына қол соғады, Есенғали досына алаңдайды - жан дүние тазалығы осы емес пе?
«...Дәл осы кезде Мұхтар Шаханов Одақтық комсомол сыйлығын алды. «Лики времени» деген кітабына. Қазақтар әбден түртпектеді Мұхтарды. Сырттай, іштей баспасөз бетінде де, ауызша да сын айтты. Ал Мұхтар орысшаға аударылып, сыйлық алды. Қазақтар іште жүргенде неге өз таланттарының қадірін білмейді? Шетелге кету керек пе? («Кітап жаршысы», №9, қыркүйек, 2009 ж.).
Біреу үшін осылай екеніне бірінің жаны шырылдай ма? Жоқ, адамға, қоғамға адал адамның ғана жаны осылай шырылдайды. Өйткені «адал­дық дегеніміз - жүректің тазалығы» (Франсуа де Ларошфуко).
Адам - табиғаттың бөлшегі. Сырлассаң - сырын айтады, ақылдассаң - ақыл қосады, мұңыңды шақсаң - адал тыңдайды, ой бөліседі, арманыңды жақындатады, жан дүниеңді тазалайды - шіркін, табиғат! Қуантқаны да - шын, қорқытқаны да, ойлантқаны да шын - табиғатта өтірік не бар? Жаратылыс-табиғатқа тартып туғандар аз ба? Мысалы, Мылтықбай.
Сөз түсінетін, сөздің бағасын білетін, өмірге, өлеңге, білімге құштар адамдар «не айтар екен» деп, сөйлеушінің аузына ынтығып қарап отырады. Керісінше, сөз түсінбейтін, сөздің бағасын білмейтін Мырқымбайлар «мына қасқа қашан, қай жерде қалай сүрінер екен» деп, «тілек» тілеп отырады. Мылтықбай - бұл екі тыңдарманның алдыңғысы. Олай деуімізге себеп: қуанғаны да, қуантқаны да шын - оның мінез-құлқынан жаратылыс-табиғатпен көп ұқсастық байқадық.
Әр адам туған жерінің табиғатына тартып туады деген бар ғой. Мылтықбай Мырзашөлден. Адам өтірік шөлдей ме?
Сонымен қуана білеміз бе? Білеміз, білмейміз. Бұл мәселеде бір үлкен сор - күншілдік, іштарлық. Күншілдер мен іші тарлардың дауыстары қандай? Салайық. «Ілмиіп жүріп, ана Лақтыбайдың пәлесін, тағы сыйлық алыпты». Данақтың қызметі тағы жоғарылаған ба? Мықырайып алып пәле өзі. «Ана Седен жалмауыз өліп қалған ба, өлмейтіндей болып жүретін еді».
Біреу қызмет бабында өсіп, таққа отырады. Гу-гу әңгіме. Біреу жаңа үйдің кілтін алады, біреу өңіріне жарқыратып орден, медаль тағады. Біреу лауреат атанады. Тағы да түрлі-түсті, көп сериялы әңгіме. Сөйтіп, ана байғұстардың ішкен-жегенін мұрындарынан шығарды. Иман қайда, тектілік қайда? Шын-шынайы қуаныш қайда?
Той-думан атаулының да түп мағынасы - қуаныш, қуанышты атап өту. Бүгінде не көп, шүкір, той-думан көп. Ол той-думандарымыз қалай өтіп жүр? Ақтөбелік журналист Шара Елеусіз «Тойға баруға ұялатын болдық» дейді («Айқап»). Неге? Жауабы: адамның беті шыдамайтын ерсіліктер ерсі емеске айналған. Бораған қызыл сөз, жаттанды, таптаурын тілектер.
Тілек. «Қайғыны бөліссең - азаяды, қуанышты бөліссең - көбейеді». Журналист не дейді, халық не дейді?
«Бақыт» сөзі, «бақытты болыңдар» да - жақсы сөз, жақсы тілектер. Алайда бұл жақсы сөздердің барлығын ылғи да жүректі жарып шыққан сөздер деп айта аламыз ба? «Таптаурын» деп журналист, біздіңше, соны мегзеп отыр.
Қай той-думанда болмайық, барлық тілек сөздер «Мен де сол жаңағы сөйлеген кісілердің тілектеріне қосылам. Мол бақыт, зор денсаулықтан» басталады. Олар неге жаңағы сөйлеген кісілердің сөздеріне қосылады?
Артық жесе май жүректі айнытады, құстырады. Жей берсе адам тәттіден де шығады, ауыз уылады. Бірыңғай жаттанды сөз, мақтау, мадақ та солай - айтыла берсе жұртты жалықтырады, көп жуылып, өңі кеткен тауардай жақсы адамның қадірі кетеді. Оның бергі жағында той-думанда ешкім ешкімнен шешендік талап етпейді, әркімнің өз сөзі, өз тілегі, өз қуанышы бар емес пе? Біле білсек, кейде көз жасы да қуаныштың сөзі ғой...
Сонымен қазіргі той-думандарда біз қалай сөйлеп жүрміз, екі жасқа қаратып айтылған мына бір тілек сөздерге назар аударып көрейікші.
«...Бақыттың базарында, Алланың назарында болып, еліне елеулі, халқына қалаулы, ата-анасына мейірімді болсын дегім келеді».
«...Мол бақыт, зор денсаулық, сарқылмас байлық тілеп, жұртына жұғымды, еліне сүйкімді болсын дегім келеді».
«...Өмір айдынында, махаббат айдынында құлаштап жүзіп, алаулап атқан ақ таңдарды күнде қарсы алыңдар дегім келеді. Аңсаған армандарыңа жетіп, күндеріңіз көркем, жолдарыңыз жемісті болсын деп тілеймін. Және де зор денсаулық болсын, таңдарың шуақты болсын».
«...Денсаулықтарың мықты, жастарың ұзақ болсын. Өмірдің өрінен, құрметтің төрінен орын болсын деп... және де салқын белі, саялы желі, кең құшақ еліңде тау тұлғалы азамат болыңдар дегім келеді» (Қойын дәптерден).
Тағы да бір-екі дастарқан басындағы тілек-сөздерге қайырыла кетейік.
«...Ақ сақалды, ақ шашты, ақ жаулықты кемпір-шал болып, бала-шағаларыңның қызығын көріп, арамызда қартаймай жүре беріңдер дегім келеді. Жандарың жаздай жадырап, өмірдегі бар­лық жақсылық атаулыны тілеймін».
«...Жастарыңыз ұзақ болып, Құдайдың берген балаларының рахатын көріп, бақытты болыңыз­дар дегім келеді».
«Қыран бейнелі» деп басталатын тағы бір тілектер бар.
Біреулер елім, халқым, жұртым деп жұтынып сөйлейді. Содан қыза-қыза келе саясат жайындағы әңгімеге күмп береді. Саясатты айтпа деген тыйым жоқ. Саясат жайындағы әңгіме - қоғамға, билікке деген әркімнің өз көзқарасы, өз пікірі. Алайда сая­сат ауызға келгенді аталау, беталды сөйлеу деген сөз бе? Қуаныштың сөзі қайда?
Жолтай Жұматтың біздің замандастарымызға қаратып айтқан реніші орынды. «Жастарға жөн сілтер үлкендер мектебі үзіліп барады, - дейді ол. - Алпыстан асса да арақ ішіп, аузына келгенін оттап, кішілерге мазақ болып жүргендерге не деуге болады. Қисық мінез, қиқар қариялар көбейіп барады» (Қуана білейік, ағайын! «ЕҚ», 11.01.2010 ж.).
«...Біздің жазушылардың мінезі қызық қой, Асқар Сүлейменов туралы естелік айтып отырған сияқты болады да, бірақ өздерін насихаттап кетеді» (Роза Мұқанова. «Әдебиет айдыны», 29.11.2009 ж.).
Не түсіндік?
Бәрі-бәрі қуаныштың әңгімесі. Қуанышына қарай - адамы.
Мен - қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
(Жұбан Молдағалиев)
«...Жаңалық шашылып жатқан жоқ. Оны іздеу керек! Іздеу аз. Міндетті түрде табу керек. Көпен соны қайтсе де табады! Ол табады - мен қуанамын».
(Қадыр Мырза-Әли. «Жұлдыз», №4, 2010).
«...Әйел затының өнерімен, шығармашы­лығымен аты шыға бастаса, кейбіреулердің «бұл кімнің көңілдесі» немесе «қай дөкейдің қарындасы» деп бірі бірінен сұрап, қуанудың орнына күрсініп, қол соғудың орнына көре алмай күңкілдейтіндер бар емес пе?»
(Фариза Оңғарсынова. «Талант».
«ЕҚ», 15.12.2009 ж.).
«Мен жаңалыққа жердің тартылыс заңын ашқан Ньютоннан да бетер қуанған шығармын».
«...Оны жиі көріп қана қоймай, бірге қыдыратынымды, сырласатынымды есіме алсам, алып-ұшқан жүрегім қуаныштан жарылып кете жаздайды».
(Амангелді Кеңшілік. «ҚӘ», 2.04.2010 ж.).
«...Тәуелсіздік күні осы әнді сонда шырқапты. Интернеттен біліп, қуанып калдым».
(Әкім Ысқақ: Өлең жазу өзім үшін керек. «Айқын», 23.04.2010 ж.).
...Шын, шынайы қуаныштар, сүйіншілер есіктеріңізді қақсын, есімдеріңізді танысын, ағайын.

 

«Ана тілі» газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354