Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 8450 0 пікір 2 Қыркүйек, 2016 сағат 13:39

Қазығұрт ауданында жаңа көпір пайдалануға берілді

Қазығұрт ауданында жаңа көпір пайдалануға берілді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат порталы Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданының Тұрбат ауыл округіне қарасты Тұрбат ауылы мен Қызылдихан елді мекендерін бір бірімен жалғайтын жаңа көпір құрылысы бітіп, пайдалануға берілді.

Ауыл тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін жеңілдететін жаңа көпірдің салтанатты ашылу рәсіміне Қазығұрт ауданы әкімі Т.Телғараев, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округ әкімі, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.

Үш мыңнан астам халқы бар елді мекендерде бұрын-соңды көпір болмаған. Жергілікті халық өткелді қолдан істеп, алайда ол көпір тез арада жарамсыз күйге түсіп отырған еді.

Айта кетейік, Тастақсай өзені арқылы өтетін өткелді салуға қаржы облыстық бюджеттен қаралыпты. Ұзындығы 66 метр, ені 8 метр болатын көпірде түрлі көліктердің жайлы өтуіне жағдай жасалған.

Қазақстан Президентінің "Ұлт жоспары - 100 нақты қадам" бағдарламасы мен "Мәңгілік ел" идеясының аясында ауылдарды гүлдендіру басты міндеттердің бірі екендігі аталып көрсетілген болатын.

Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576