Жұма, 22 Қараша 2024
Қоғам 6335 0 пікір 30 Тамыз, 2016 сағат 13:02

ӨЗБЕКСТАН. КӘРИМОВТАН КЕЙІН НЕ БОЛУЫ МҮМКІН?..

Еркін ақпарат тарататын дереккөздері Өзбекстан Республикасын президенті Ислам Каримовтің дүние салғанын айтып жатыр. Алайда ресми Ташкент Кәримов туралы жаманат хабарды растаған жоқ. Әйтсе де, Орта Азиядағы саяси ірі тұлға Ислам Абдуғаниұлының  дәуірі аяқталды деуге болады. Бұл - айдай ақиқат.

Менің ойымша, Кәримовтен кейін өзбек билігінде  тепе теңдік сақталмайды. Аталған персоналардың бір-екісі -тұра көтеріледі, оларды шетінен қамай бастайды. Халық көшеге шығады, бірақ ірі қалаларда жастар шеруін осы жолы атуға әскер бата алмайды.Ташкент пен Самарқан - Ферғана емес, оның үстіне дағдарыс күшейіп тұр, халық шаршағанын айтады.

Өзбекстанның қазіргі заман тарихында жаңа кезеңі басталды дей бер. Билікке келесі диктатор келу керек еді, әйтпесе дүрбелең кезеңі басталады. Ал, Исламның кіші қызы Лола билікті ұстап тұра алмайды. Екі-үш айдың ішінде билікті қайта бөлісу басталады. Бұл күреске Ташкен мен Самарқанның студенттері мен ересек оқушылары да қатысуы мүмкін. Лола тек өтпелі кезеңде ғана биліктің басында тұрады. Басқару вертикалі босаңси бастайды. Экономикалық және әлеуметтік келеңсіздіктер қайнап қоғамның бетіне, қала берді көшеге шығады. "Ислам Кәримовтың кезінде жағдайымыз нашар болды" дейді көпшілік. Бұл - Лола кетсін деген сөз.

Өзбекстанда нарықтық қатынастар жеткіліксіз көлемде енген. Либералдық еркіндік тіпті аз. Әкімшілік шектеу көп. Қышлақтан қалаға, Самарқанға,Ташкенге көшу, бару, тұру үлкен қиындық туғызады. Ресейге кету қиын, Ресейден келсең тонайды. Осыдан былай Халық коррупциямен күресуді ту ғып көтереді. Бірнеше коррупциянердің фамилиялары аталады. Корейлер мен орыстар Өзбекстаннан қашады. Бізді иммиграциялық режим қатаңдау керек.Тек өзбек жерінде тұрып қалған қазақтарды ғана  қабылдау керек.

ӘЗІМБАЙ ҒАЛИ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5286