Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 7025 0 пікір 17 Тамыз, 2016 сағат 15:31

Ауыл тазалығы – басты назарда

Аудан әкімі Ә.Тұрғымбеков әрбір ауылдың тазалығын сақтау, көше бойындағы ретсіз құрылыс нысандары реттеу, үйлерді сыртқы келбетін бір түске сәйкестендіріп, ауыл келбетін ретке келтіру ауылдық округ, поселке әкімдерінің басты  міндеттерінің бірі деді.

Сондықтан күре жол бойында орын тепкен, табиғаты сұлу ауданның тазалығын сақтау үшін ауыл тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет деді.    

Өйткені аудан арқылы қаншама ел және шетел азаматтары жол жүреді. Сондықтан ауданның көркін сақтап, ел тамсанатын, таңқалатын өңірге айналуымыз қажет деді.

Осыған орай ауданда бүгінде барлық елді-мекендерде тазалық жұмыстары жүруде.

Клуб – ауыл мәдениетінің ошағы

Халықтың рухани азығы мәдениет екені аян.  Бүгінде ауданда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөліміне қарасты 1 аудандық мәдениет үйі, 9 ауылдық мәдениет үйі, 18 ауылдық клубы барлығы 28 мәдени ошақтары аудан халқына қызмет көрсетеді.

Соңғы 5 жылда ауданда 1 мәдениет үйі салынып, 5 клубтар жөндеуден өтсе, биылғы жылы 2 ауылдың клубына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған мәдениет мекемелері жыл басынан бері барлығы халық арасында 1245 мәдени іс-шара өткізді. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1227
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2754
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 881
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 833