Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3569 0 пікір 17 Тамыз, 2016 сағат 14:28

ОҚО, Отырар ауданы: аудан әкімі фестиваль жеңімпазын қабылдады

Бүгін аудан әкімі Ерлан Айтаханов «Қазақ вальсінің королі» Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» ән байқауының жеңімпазы, отырарлық Руслан Ақынбековті қабылдады. 

Халқымыз «Жігітке жеті өнер де аз» дейді. Біздің Руслан Қазақстанның Халық ақыны Әселхан Қалыбекованың тәрбиесін көрген айтыскер ақын және термешілігімен қоса, дәстүрлі әндерді орындаудың хас шебері. Талантын ұштап, өнердегі өз орнын табу үшін Руслан 2006 жылы облыс орталығына аттанып еді.

Оңтүстік Қазақстан саз колледжін бітірген Руслан содан кейінгі оқуын Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында жалғастырған болатын. Екі оқу орнын ойдағыдай тамамдаған жас таланттың осындай үлкен додада топ жаруы заңдылық іспетті.

Қабылдау барысында аудан әкімі болашақ эстрада жұлдызына өнер жолына сәттілік тілеп, сый-сияпаттар табыстады.

Айта кетейік, 2016 жыл. 15 тамыз күні сағат 10:00-де Отырар ауданы Мәдениет сарайында сазгер Ш.Қалдаяқовтың туған күніне орайластырылған көркем сурет көрмесі өтті. Көрменің бір ерекшелігі облыстық өлке тану музейімен бірлесе отырып үйлестіргендері ұтымды болды.

Көркем сурет көрмесінде сазгер Шәмші Қалдаяқовтың әндерінің негізіне сүйенген  20 картина туындылары қойылды. Мұны аудан әкімінің тапсырысымен әр аумақтан келген суретшілер салған болатын.  Олар өнерлерін Мәдениет сарайындағы үйірме шеберханасында ұштаушылар шымкенттік Табылхан Рена, қазығұрттық Едіге Бақытжамал, ордабасылық Төлеген Бақытгүл, отырарлық Оразбай Наурызбайлар. Оларға жетекшілік жасап, жіті қадағалаған суретші Әділхан Мәлік жұмыстарды жасауға  1 ай уақыт кеткенін айтады. Шәмшінің әндері тыңдарманын қаншалықты баурап алса, әндерге бағышталып салынған суреттер де көрермендерін соншалықты баурап алды. Ауқымды көркем-сурет көрмесіне қойылған 20 картина  ән байқауына келген конкурсанттарға «Шәмші» ауылындағы гала концерт алдында табыс етілді. Көркем сурет көрмесінде сонымен қатар ежелгі Отырар тарихын қамтыған жаңа туынды картиналар да халық назарына ұсынылды. Бұрын ежелгі Отырарды бейнелеушілер тек сыртқы көрінісін суреттесе, бұл жаңа туындыларда суретшілер қаланың ішкі тіршілігін бейнелеу барысында қиял мен ойларын барынша жұмсаған.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5483