Жексенбі, 24 Қараша 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 4802 0 пікір 25 Шілде, 2016 сағат 17:33

БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГЕТИКАҒА СҰРАНЫС БАЯУЛАП ТҰР

Мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылып жатқан баламалы энергия көздерін табу және өндіру жұмыстары еліміз бойынша кешеуілдеп тұр. Мысалы, 2015 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі Жаңартылған энергия секторы (әрі қарай ЖЭС) белгіленген межеден 3-3,5 пайызға кеміген.  Өткен жылдың қорытынды есебіне сүйенсек, Қазақстандағы ЖЭ генерациясы қуаттылығы жөнінен 42%-ға артып, 251,5 МВт-ыны құраса, өндіріс көлемі жөнінен  28%-ға ұлғайған (740,5 млн кВт-сағ),-деп хабарлайды «Эксперт Қазақстан».

IRENA деректеріне сәйкес, еліміздегі «жасыл» станциялардың соңғы бес жылдағы өндірген энергия қуаты 231 пайызды құраған екен. Бұл посткеңестік елдер ішіндегі ең жоғары көрсеткіш болғанымен, салыстырмалы түрде көңіл көнщітерлік нәтиже емес. Мысалы, дәл осындай энергия көзін өндіріп отырған  Ресейде бұл көрсеткіш 37%-ды, Әзірбайжанда — 64%-ды, Украинада — 171%-ды,  ал Эстонияда — 184%-ды ғана құрапты. Десек те, абсольютті көрсеткіш бойынша баламалы энергия өндіруден энергожүйесі құрылымы біздің еліміздегіден 6 есеге кіші болса да Эстония бірінші орында тұр екен.

Ал Қазақстанның Энергетика министрлігі 2016 жылдың бірінші маусымындағы көрсеткіштер бойынша еліміздегі шағын ГЭС-тің қуаттылығы 124,75 МВт-ны құрағанын айтады. Бұл дегеніңіз барлық ЖЭ станциялар өнімінің  48%-ы ғана. (Соның ішінде Тасөткел ГЭС (9,2 МВт), Есік ГЭС-2 (5,1 МВт) және  Қаратал ГЭС-ның (2,3,4) қуаттылығы 11,9 МВт-ны құрап отыр. Сондай-ақ, келешектегі жобалар қатарында  Лепсі ГЭС-2 (17 МВт), Бартоғай ГЭС-28 (20 МВт)және Көрін ГЭС (28 МВт) де бар екен).

Ал Қазақстандағы ірілі-ұсақты өзендердің энергопотенциалы жылына 7,6 млрд кВт-сағатты құрайды екен.

ЖЭС өнімінің жиынтық қуаттылығыны - 70,3 МВт-ны құраса, бұл Қазақстан бойынша барлық «жасыл» станциялардың 28,5%-ына тиесілі болмақ. Осының ішінде ең ірі жобалар — қуаттылығы 45 МВт-ны құрайтын Ерейментау ЖЭС-і болып табылады.

Аталған станция (Ерейментау ЖЭС) қарапайым жылу электр станциялары бір жылда 100 мың тоннадан астам көмір жағу арқылы өндіретін энергия көздерін баламалы жолдармен өндіруге мүмкіндік ашады дегенімізбен бұл салада жұмыстар бәсеңсіген.. Тіпті, аталған ЖЭС Ақмола облысының энергоқажеттілігін тұтас қамтамасыз етуге қауқары жеткенімен, әзірше бұл формалды ғана деректер. Еліміз бойынша қуаттылығы жөнінен екінші орында Қордайдағы Жаңартылған энергия станциясы (4 МВт) тұр. 

Алдағы уақытта аталған ЖЭС көлемін 21 мвт-ға дегейін ұлғайту жоспарланған. Бұл не береді? Сонымен қатар, биыл еліміздегі барлық жел энергия станциялары бар болғаны  100 млн кВт-тан асатын электр қуатын өндірген.  

Десек те, Мемекет тарапынан қабылданған арнайы бағдарламалардың көбісі жүзеге асырылмай жатқаны да жасырын емес. Қазақстандағы ЖЭС-ты дамыту бағдарламасы 2003 жылдан бері ҚР Үкіметінің қарауында екенін ескерсек, бұл жұмыстардың біршама кешеуілдеп тұрғанын анық байқауға болады. Ал 2004 жылы ҚР Үкіметі мен ПРООН-ның бірлескен жобасы – «Қазақстан – желэенергетикасы нарығын дамыту» бағдарламасы қолға алынған. Алайда бұл бағдарлама да кейінге шегеріліпті.

Сондай-ақ, 2007 жылы желэнергетикасын өндіру жұмыстарын  2015 жылға дейін дамытуға байланысты мемлекеттік бағдарлама әзірленген болатын. Ол бойынша 2015 жылға дейін елімізде ЖЭС өнімі қуаттылығын 300 МВТ-ға дейін жеткізу және 900 млн кВт энегрия өндіру жоспарланған. Өкінішке орай бұл да тек қағаз жүзінде қалып отыр. Ал 2024 жылға дейін бұл көрсеткішті 2000 МВт-ға дейін жеткізу және 5 млрд кВт энергия өндіру міндеттелген.

2015 жылдың қорытындысы бойынша еліміз бойынша желэнергетикасы өнімі 3-3,5 есеге төмендепті.

Abai.kz 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588