Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
Экономика 4154 0 пікір 12 Қараша, 2016 сағат 00:00

Индус¬триалды-инновациялық дамудың 2015-2019 жыл¬дарға арналған бағдарла-масы аясында атқарылған шаруалар

ҚР Орталық коммуника­циялар қызметінің  өңірлік бөлім­шесінде Алматы қала­лық Кәсіп­керлік және индустриалды-инно­вациялық даму басқарма­сының бас­шысы Алмас Мәдиев  Елбасы Жолдауын іске асыруға орай, «Қазақстан жаңа жаһан­дық нақты ахуалда: өсім, реформа­лар, даму», ІV бағыт, «Бизнестің жол кар­тасы-2020», еліміздің индус­триалды-инновациялық дамуының  2015-2019  жыл­дарға арналған бағдарла­масымен атқа­рылған бірқа­тар  жұмыстардың жай-жапсарына тоқталды. 

 Баспасөз мәслихаты барысында шаһа­рымыздың шағын және орта бизнесі, сауда, қызмет көрсету саласы мен индустриалды-инновациялық дамудың негізгі көрсет­кіштері жария етілді.   Басқарма басшысы қаламыздағы шағын және орта бизнестің тұрақты өсуі байқалатынын айтып, биз­нестің дамуына мемлекеттік қолдаудың қаржылық және қаржылық емес шаралары ықпал ететінін білдірді. Мәселен, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен биыл ел қоржынынан 3,2 млрд. теңге бөлініп,  биылғы 10 айда 249 жобаға қолдау көрсетілген. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда, басым, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы жобасының саны – 2,5 есе, алынған несие қоржыны мен субсидия көлемі – 2 есе артқан.

Бағдарламаны іске асырудағы бір жетіс­тік – Орталық Азияда алдыңғы орындағы «Мега Алматы» сауда ойын-сауық орта­лығы аумағындағы «Happy Eye» аталатын айналаны шолатын алып аттракционның іске қосылуы.  Оған қоса, мемлекеттік қол­дау аясында  «Москва» сауда ойын-сауық орталығының  салынып, Hіlton қонақ үйі, басқа да шаһарымыздағы мәдени және маңызды нысандар  құрылысы жүргізілуде. Үкімет қабылдаған 2020 жылға дейін қыз­мет көрсету саласын дамыту бағдарламасы мен Алматы қаласы әкімдігінің ауқымды жұмысы әлемдік брендтерді тартуға,   қыз­мет көрсету саласын жақсартуға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, 28-Қысқы Универ­сиада-2017 мен ЭКСПО-2017 ауқымы зор іс-шаралар  қарсаңында  100-ден астам ны­сан іске қосылды.  Жылдың соңына дейін тағы да 10 нысанды іске қосу  жоспар­лануда.

Hіlton, Kempіnskі мен Novotel белгі-атауларымен қонақ үй ашуға дайындық жүргізілуде. Starbucks, McDonald’s, Rіtz-Carlton нысандарының Алматы нарығына кіруі оң үрдісті білдірсе, elіtetraveler.com, lalіste.com, restaurantworld.com тәрізді әлем­дік туристік сайттарда Алматының ауқым­ды қоғамдық тамақтандыру нысан­дарын орналастыру жөнінде жұмыс жүр­гізілуде. Алматыда 7 998 орны бар қонақ­үйлердің 136 орналастыру нысаны жұмыс істейді. Орынның орташа бағасы –  12 300 теңге.

Шетелдік инвесторлар Алматы ритей­лерінің нарығына кіруде. Келер жылдың 3-тоқсанына дейін «ОВІ» бірінші неміс гипермаркеті  құрылысын аяқтаса, 2018 жыл­дың басында француздық алып-ритейлер Leroy Merlіn жоспарланған үш дүкеннің бірінші дүкенін іске қоспақ. Сондай-ақ, «Forum Eurasіa» ЖШС-мен меморандум жасалды. Компания Turkmall түрік-неміс компаниясымен серіктесіп, 1 млрд. долларға кешеннің, соның ішінде, Орталық Азия мен ТМД елдерінде ірі ойын-сауық паркін, әлеуметтік нысандар мен тұр­ғын үйлердің   құрылысын салуды жос­парлауда. Осының бәрі,  айналып кел­генде, әлемдік маркаларды ашу, Елбасы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдарламасының аясында бизнесті жүргізу шартын жақсарту жөнінде жүргізілген жұмыстардың арқасында мүмкін болып отыр.

Басқарма кәсіпорындарды іздестіру және оны  Кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізуде  ауқымды жұмыс жүргізіп, аталған картаны пайдалану кезеңіне орай 11 000 жұмыс орнын  құрды. Оған көлемі 175 млрд. теңгелік 80 жоба кіреді. Бүгінде оның 26 жобасы іске қосылды. Екінші бесжыл­дықта бірінші бесжылдықпен салыстыр­ғанда жоба саны 3 есе, көлемі  3 есе өскен.

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен телекөпір барысындағы Индустрия­ландыру картасы аясында өзен арналарын реттеп, тау биігіндегі   жарқабақты жолдар­ды су тасқыны мен сел көшкінінен сақтау­ға арналған габиондық тор өндіретін «Tokyo Rope Almaty» зауыты іске қосылды. Габион-тор өндіретін мұндай әлемдік тең­дессіз  зауыт Жапонияда ғана бар. Оның бір бөлігінің елімізде ашылғанын мақта­нышпен айтуға болар. Tokyo Rope және  Алматы әкімдігінің келісімі нәтижесінде  Жапонияның іскерлік клубы мен Индус­триалды аймақта жапондық индустриалды парк құру туралы меморандумға қол қойылды.

Алматы – еліміздің доноры. Ел қоржы­нының 25-27 пайызын осы қала қамтиды. Бұл қаражат  кәсіпкерліктен, сан алуан қызмет көрсетуден, алым-салықтан түседі. Мұнайы мен газы, не алып өндірісі жоқ Алматы несімен алпауыт? Кәсіпкер­лігімен, әрине. Салмақ, алдымен, шағын және орта бизнеске түседі. Республика көлеміндегі ШОБ-нің 55-60 пайызы Алматыда орна­ласқан. Жақсы жағдай жасалған Алматы­дағы бизнестің бағы бар.

«Күлшелі бала сүймекке жақсы» деген. Қаржы, бизнес орталығына қалталылар ғана емес, құмырсқадай құжынаған қалың жұрт та үйірсек.  Криминогендік ахуалдың күрделілігі де содан. Еліміздің сан тара­бынан келгендер осы шаһардан нәпәқасын табады. Шағын бизнеспен  айналысатын­дардың алдынан сан-алуан кедергінің (әкімші­лік кедергі де жоқ емес) шығатыны анық. Әсіресе, кәсібін жаңадан бастаған­дарға үйірілер бұлт қалыңдау. Ес жиып үлгерт­пей, анталау басым. Басқосу бары­сында басқарма басшысы журналистерді толғантқан осындай сауалдарға да жауап беріп, кәсіпкерлікті өркендету жолында тынымсыз жұмыс істелетінін мәлім етті.

abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1231
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2945
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3282