Қырғызстан алкоголь саудасына шектеу енгізуі мүмкін
Қырғызстан алкоголь саудасына түнгі сағат 23-тен таңертеңгі 8-ге дейін тыйым салу туралы ұсынысты талқылайды. Бұл туралы Бішкектегі баспасөз мәслихатында парламент депутаты Дастан Бекешев хабарлады.
Оның айтуынша, дүкендерде, супермаркеттерде және дүңгіршектерде спирттік ішімдіктердің бөлшек саудасына тыйым салу туралы ұсыныс түсті. Бірақ сауық орталықтарында алкогольдік ішімдіктерге шектеу қойылмайды.
Бекешевтің айтуынша, алкоголь есірткінің жеңіл түрлерінен әлдеқайда қауіптірек. Депутат мәліметі бойынша, тұрғындар есірткіге қарағанда, масаң күйде жол көлік апатына жиі ұшырап жатады.
Бұл заңның аймақтарда сақталуына тоқталған депутат алкоголь саудасына ауыл тұрғындарының өздері тыйым салатынын, бұл мәселе қалада күрделі екенін айтты.
Abai.kz