Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2695 0 пікір 11 Қараша, 2016 сағат 10:15

БҰҰ: Алеппо тағы да гуманитарлық дағдарысқа ұшырауы мүмкін

БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Ян Эгеландтың хабарлауынша, гуманитарлық қызметтер соңғы азық-түлік қорын үлестіріп жатыр. Бейсенбі күні Женевада сөз сөйлеген Эгеланд жанжалдасушы тараптар "гуманитарлық үзіліс" жариялайды деп үміттенеді, әйтпесе қалада аштық басталуы мүмкін.

Жақында БҰҰ Сириядағы жанжалдасушы тараптардың барлығына халыққа гуманитарлық көмек көрсетудің төрт кезеңдік жоспарын жолдады.

Сирия президенті Башар Асад 8 қарашада сайланған АҚШ президенті Дональд Трамппен әріптес болуға дайын екенін мәлімдеді. Британдық Independent газетінің хабарлауынша, бұл туралы Асадтың көмекшілерінің бірі Бутайна Шаабан америкалық Ұлттық қоғамдық радиоға берген сұхбатында мәлімдеген.

Сайлау науқаны кезінде Трамп билікке келе қалған жағдайда, АҚШ-тың өзге елдердегі жанжалдарға араласу ауқымын қысқартуға уәде берген еді. Ол Алепподағы бүлікшілерге қолдау көрсетуден бас тартатынын айтты. Башар Асад "ыңғайсыз әріптес" болса да, оның жүйесін күшейту арқылы азаматтық соғыс жағдайында экстремизмнің күшеюіне тосқауыл қоюға болады, деген еді Трамп.

Сириядағы шамамен алты жылға созылған әскери жанжал кезінде 400 мыңнан астам адам қаза тапты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502