Жұма, 27 Желтоқсан 2024
«Соқыр» Фемида 8176 0 пікір 10 Қараша, 2016 сағат 11:39

ҰБТ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ... ТҮЛЕКТЕР ОРЫС ТІЛІНЕН ЕМТИХАН ТАПСЫРАДЫ

2017 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгеретін болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында білім саласының мамандары айтты, - деп хабарлайды BNews.kz.

Білім және ғылым министрлігінің бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубековтың айтуынша, енді 11 сыныптың оқушылары мектеп аттестатын алу үшін 5 пән бойынша емтихан тапсырады.

«Елімізде ҰБТ 13 жыл бойы оқушылардың білімін саралайтын механиз ретінде жұмыс жасап келді. Осы жылдар ішінде тестілеуге 1 жарым миллион түлек қатысты. Рас, ата-аналар тарапынан ҰБТ теріс пікірлер айтылып, бұқара халық "тест сұрақтарын оқушылар жаттап алады, оған түлектер өз біліміне сеніп емес, бағының жанғанын тілеп барады" деген секілді ойларын айтатын. Биыл біздің министрлік ҰБТ жаңа форматын жасап шығарды. Енді мектеп бітірушілер аттестат алу үшін білім ошақтарында арнайы емтиханнан өтеді, сонан кейін жоғары оқу орынан түсу үшін тест тапсырады», – деді Нұрбек Оршубеков.

Баспасөз мәслихатында аталған министрліктің мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева мектепте өтетін емтиханның ережесін егжей-тегжей баяндап берді. Оның айтуынша, бітіруші түлек ең алдымен қазақ тілі мен әдебиетінен еркін тақырыпта эссе жазса, екінші пән Қазақстан тарихынан сұрақтарға жауап береді.

«Тарих пәні бойынша бұл жерде оқушыға терориялық және шығармашылық бағыттағы сұрақтар қойылады. Яғни, бала үшінші сұрағында картамен жұмыс жасайды. Ал үшінші пәнде оқушы алгебрадан жазбаша емтихан тапсырады. Мұнан соң оларға қазақ немесе орыс тілінен (орыс мектептері қазақ тілінен, қазақ мектебіндегілер орыс тілінен) тест сұрақтары беріледі. Ең соңғы емтихан оқушылардың өздері таңдаған пәнінен болады. Осы жерде айта кетейін, бұл емтихандар келесі жылдың 1-15 маусым аралығында өтеді. Мұнан кейін түлектер жоғары оқу орынан түсу үшін ҰБТ тапсырады. Ол 20 маусым мен 1 шілде аралығында болады», – деді департамент директоры.

Білім саласының мамандары, сондай-ақ, тестілеу бұрынғыдай 125 сұрақтан 120-ға қысқарғанын айтты. Ең басты ерекшелігі бітіруші түлектің білімін саралайтын бәсеке 5 пәннен, оның 3-і міндетті және 2-і өзі таңдаған пәннен болады. Сонымен қатар, тестілеу уақыты бұрынғыдай 3 сағат 30 минут. Еліміз бойынша ҰБТ 165 орында өтеді.

Айта кетейік, келесі жылы болжам бойынша тестілеуге 137 715 бітірушінің 96 400 қатысады.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053