Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2955 0 пікір 8 Қараша, 2016 сағат 17:28

Премьер педиатрларды даярлауға пәрмен берді

ҚР Премьер-Министрі Үкімет отырысы барысында Қазақстанда педиатрияны қалпына келтіру бойынша бірқатар тапсырмалар берді деп хабарлайды primeminister.kz сайты

Ол «әсіресе, балалар дәрігерлерінің қателіктері тым қымбатқа түсетінін, бұл тұста медициналық кадрларды – әсіресе, балалар дәрігерлерін, педиатрларды даярлау сапасына көңіл бөлу қажеттігін» атап өтті.

Премьер-Министр денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсеноваға және білім және ғылым министрі Е. Сағадиевке медициналық жоғары оқу орындарындағы педиатрия факультеттерін қалпына келтіру және жаңа оқу жылынан бастап бірден мамандарды даярлай бастауды тапсырды.

«Мұндай мәселелерде эксперимент жасауға болмайды», деді Б. Сағынтаев.

Еске сала кетейік, еліміздегі медициналық жоғары оқу орындарында педиатрия факультеттері 2007 жылы жабылып қалған болатын.

Абай-ақпарат


 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443