Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4168 0 пікір 7 Қараша, 2016 сағат 14:43

Жақында Әбләзовты Қазақстанға әкелуі мүмкін

ҚР Бас прокуратурасы аты шулы Әбләзовтың қылмыстық існе қатысты кейбір деректерді жарыққа шығарды.

Астана арнасының хабарлауынша, экс-банкир Әбләзов пен оның сыбайластары жымқырып кеткен қаржының сомасы едәуір өсуі мүмкін. Қазірге құзырлы органдар анықтаған мәліметтерге сәйкес  Әбләзовтың үптеп кеткені 6 миллиард доллардан асып жығылады екен.

Франция түрмесінде жатқан экс-банкир Мұхтар Әбләзовқа қатысты тергеу жұмыстарына кедергі болған тағы бір мәселе – қылмыстық іске қатысты деректерді кейбір елдер жасырып отыр.

Мысалы, АҚШ Заңына сәйкес, Әділет органдардары Қазақстан тарапынан жолданған өтінімге жырты жылдан кейін бірақ жауап береді. Айыпталушы қарсы уәж келтіруіне байланысты, Еуропа елдерінде бұл мерзім  1 жылдан астам уақыт қаралады.

ҚР Бас прокурорының көмекшісі Ұлықбек Мақсатбекұлының айтуынша, Прокуратура М.Әбләзовқа қатысты барлық мәліметтерді анықтауға әм оны  елге экстрадициялауға бар күштерін салып жатыр. Егер Франция Әбләзовты ТМД елдерінің біріне, (яғни Ресей мен Украинаның біріне) бермейтін болса, Қазақстан экстрадициялауға рұқсат сұрауға құқылы. Қазақстан  Еуропалық конвенцияның мүшесі емес.

Өкінішке орай, Украина мен Ресейдің сұрауы қарастырылмастан бұрын, біздің өтінішімізге жауап берілмейді. Біз 2013 жылдан бергі сұраған едік. Украина сұрауы қанағатсыз қалды. Егер Ресей мен Украинаға экстрадициялау қанағаттандырылмаса, БҰҰ конвенциясы негізінде біздің сұрауымызға оң жауап келеді,-дейді Мақсатбекұлы.  

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407