Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5117 0 пікір 1 Қараша, 2016 сағат 10:18

Арыста ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Еліміздегі айшықты оқиғаның бірі еселі еңбек еткен дала еңбеккерлерінің күні. Жыл сайын күзде шаруалардың ала жаздай еткен еңбегінің жемісін айшықтайтын «Алтын күз» мерекесі тойланып, диқандар қошеметке бөленеді.

Осынау  «Алтын күз - 2016» және «Қала күні» мерейлі мерекесін арыстықтар салтанатты түрде атап өтті.

Қос мереке аясында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, өнімдер тұрғындарға нарық бағасынан 20-30 пайызға төмен бағада ұсынылды.

Мерекелік шараға қатысқан қала әкімі М.Қадырбек шаруалардың өндірген өнімдерімен танысып, тұтынушылармен жүздесті. Аталған жәрмеңкеде ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, ауыл еңбеккерлері өндірген өнімдерден ұлттық тағамдар әзірленді.

Жәрмеңке қалалық мәдениет үйінде салтанатты жиынға жалғасты. Салтанатты шара барысында шаһар басшысы Мұрат Болатұлы мерекеге орай тұрғындарға ізгі тілегін білдіріп, Елбасының тапсырмаларымен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда, қаламыздың жаңарып, гүлденуіне, әлеуметтік экономикалық дамуына ерекше үлес қосқан азаматтарға «Арыс қаласының Құрметті азаматы», Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдығын толағай табыстармен қарсы алып, еліміздің ен байлығын тасқындатуға ерен еңбектің үлгісін көрсеткен дала еңбеккерлеріне «Еңбек даңқы» белгісімен, Алғыс хат және Құрмет грамотасымен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде жоғары нәтиже көрсеткені үшін «Алтын күз-2016» жеңімпазы Монтайтас ауылдық округі әкімдігіне «Нива» автокөлігінің кілті салтанатты жағдайда табыс етілді.

Сондай-ақ Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған қалалық «Мәдениетім мақтанышым» өнер фестивалінде қала, ауыл өнерпаздары өздерінің концерттік бағдарламалары мен көрмелерін халыққа ұсынған болатын.

Қос мерекенің қуанышты сәтінде «Мәдениетім мақтанышым» өнер фестивалінің Бас жүлде иегері Жиделі ауылдық округі атанып, өнерпаздарға «Гранта» автокөлігінің кілті табысталды.

Арыс аспанын әнге бөлеген мереке одан әрі концерттік бағдарламаға ұласып, қаламыздың әншілері жиналған қауымға өнер көрсетіп, ән-биден шашу шашты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5270