Бейсенбі, 29 Қазан 2026
Мәйекті 4232 0 пікір 25 Қазан, 2016 сағат 17:02

ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙДЕН КЕЛЕТІН ЕТКЕ ЕСІГІН ЖАПТЫ

Орыс малына аусыл тиіп жатқанын естіген Қазақстан РФ-дан тасымалданатын ет өнімдерін сатып алуды тоқтатты. Ресейдің "етіне" қазақтың есік жапқанын бүгін ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі мәлімдеп отыр. 

"Ауылшаруашылығы министрлігі малдәрігерлік бақылау және қадағалау комитеті 25 қазаннан бастап Ресейден келетін сиыр, қой, шошқа етіне және сүт өнімдерінің ел аумағында таралуына тиым салды" дейді ресми ақпарат.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан РФ-мен кедендік және Еуразиялық экономикалық одақ аясында қарым-қатынас жасап келе жатыр. Осы уақытқа дейін РФ тарапынан Қазақстаннан экспортталатын жеміс-жидек пен мал етіне қатарынан бірнеше рет тиым салынған болатын. Ал, Қазақстан бұндай қадамға бірінші рет барып отыр.
Abai.kz 
0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1267
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1788