Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2926 0 пікір 24 Қазан, 2016 сағат 23:28

Қой шаруашылығын қолға алды

Ел Президентiнiң қой шаруашылығын, сондай-ақ, жем-азық өндiрiсi мен шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту жөнiндегi бағдарламаларына байланысты Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан қуаңшылыққа төзiмдi малазығындық өсiмдiктердiң тұқым шаруашылығын қайта жандандыру, екпе жайылымдар жасау бағытында алғашқы қадамдар жасалынды. 019 бағдарламасы бойынша 2013 жылы Ордабасы ауданы Ақпан елдi мекенiнде 15 гектар жерге изен, терiскен, жусан, қарабарқын сорттарының тұқымдық егiстiгi жасалып қоршалды. 2014 жылы Арыс қаласы Задарья ауылдық округiне қарасты «Мардан» ЖШС-iнде 110 гектар жерге қоршалған екпе жайылым жасау жұмысы жүзеге асырылды.

Өнiмдiлiгi төмен, тозған жайылымдарды және тастанды жерлердi қалпына келтiрудiң тиiмдiлiгi көбiнесе малазығындық дақылдарды өсiру технологиясына, құрама техникаларды пайдаланып, жаңа агротехникалық тәсiлдердi қолдану мен екпе жайылымдарды қоршауға байланысты.

Қуаңшылық аймақтың жем-шөп шаруашылығын тиiмдi дамытуға материалдық-техникалық және қаржылай қамтамасыз етiлуi, өндiрiлген пiшен және техникалық қызметтердiң бағасының төмендетiлуi тiкелей әсер етедi. Топырақты өңдеу, тұқым себу, екпе жайылымдарды қоршау жұмыстары үшiн арнайы техникалармен қамтамасыз етiлмей, егiп-өсiру және пiшен дайындау технологияларын орындау мүмкiн болмайды. Әзiрше ондай техника парктерi жоқтың қасы.

Осы орайда «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыруда үлкен iстер атқарып жатқан және сексеуiл алқаптарын жасауда мол тәжiрибесi бар, техника және құрал- жабдықтармен дұрыс қамтылған орман шаруашылығы мекемелерiнiң қызмет аясын кеңейту мәселесi туындайды. Яғни тастанды жерлердi, тозған жайылымдарды, бұрын совхоздар қарамағында болған сексеуiлдi ормандарды ауылшаруашылық айналымынан 5-6 жылға есептен шығарып, қалпына келтiрiп, содан соң әрi қарай жалға беру керек. Сонымен қатар, қаржы мәселесi дұрыстала бастаған фермер мен шаруа қожалықтарының жайылымдарын ақылы жақсарту, ғылыми мекемелермен бiрлесiп малазығындық өсiмдiктердiң тұқымын өндiру жұмыстары қолға алынса, жайылым шаруашылығында ауқымды шаралар iске асар едi.

Сонымен, Қазақстанның оңтүстiгiндегi шөлдi аймақтың жайылым шаруашылығын дамыту жергiлiктi жердiң табиғи-климаттық жағдайын ескере отырып, кешендi шараларды орындауды талап етедi.

М.ДӘулетов, ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы және мал тұқымын асылдандыру бөлiмiнiң бас маманы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5652