Жексенбі, 24 Қараша 2024
Қоғам 4774 0 пікір 19 Қазан, 2016 сағат 15:16

ЛУКАШЕНКО: ҰҚШҰ-НЫ ЕШКІМ МОЙЫНДАМАЙДЫ

Өткен аптада Армения Астанасында өткен Ұжымдық қауіпсіздік шартты ұйымының кезекті жиынында ұзын-ырғасы жиырмаға жуық құжат қабылданған. Жабық есік жағдайында өткен Ереван саммитінде көтерілген негізгі мәселе – Сириядағы соғыс пен Қарабах жанжалы болды.

«Салқын тиіп қалуына» байланысты Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ереванға Үкімет басшысы Бақытжан Әбдірұлын жіберген болатын.

Жиырма бес жылдық тарихы бар ұйымның жұмысынан береке кете бастағанын бұл жолы басшылардың өздері аңғартқандай болды.

Саммит өтетіннен екі-үш күн бұрын ғана «салқын тиіп қалуына» байланысты Қазақстан Президенті Ереванға бармай қойған болатын. Арменияда бас қосқан бес Президенттің кездесуінен бірауыздылық байқалмады.

Армениялық «Lragir» басылымының жазуынша, ашуға мінген Белоруссия басшысы әріптестеріне ҰҚШҰ жұмысының мардымсыз екенін айтқан. «Еревандағы ең басты сөзді Лукашенко айтты» атты мақалада Армениялық журналист Найра Айрумян  Белоруссия басшысы Александр Лукашенконың Еревандағы ҰҚК саммитіне көңілі толмағандығын жазады. «Ұсақ-түйек мәселе үшін сонша жерден шақырттыңдар, осы жерде айтылған мәселелер Президенттер талқылайтын деңгейдегі проблемалар емес» деп кіжінген Лукашенконың түйін сөзі одақтастардың көңіліне тиіп кеткен сыңайлы.

«ҰҚШҰ-ны әлемнің ешбір мемлекеті мойындамайды. Яғни, бірлескен оқу-жаттығуларды,т.б. шараларды өткізіп жүрген әскери блок бар. Бірақ оны әлемде ешкім білмейді, мойындамайды. Егер бізді біреулер мойындасын десек, соған тұрарлық жұмыс жасауымыз керек. ҰҚШҰ құрылғанына 25 жыл болды. Өзгерген түк жоқ. Жиырма бес жылда БҰҰ, ЕО секілді ұйымдар ҰҚШҰ қызметін мойындаған жоқ. Сирия аумағына бітімгерлік миссиясын орындау үшін біздің әскерилерге мандат берген жоқ»,-депді Белоруссия басшысы.

Айтпақшы, осы жолғы жиында Арменияның кеңеске төрағалық мерзімі аяқталып, тізгін кезегі Белоруссия Президентіне берілді.

Расында, РФ Президентінің пәрменімен, ҰҚК әскерилерін Сирия мен Қарабах аумағына бітімгерлік миссиясын орындау мақсатында енгізу үшін БҰҰ арнайы рұқсаты керек-тін. Алайда ҰҚК әскерилеріне мұндай мандат берілмеген.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5678