Жексенбі, 24 Қараша 2024
Қоғам 6562 0 пікір 18 Қазан, 2016 сағат 09:50

ЖОО БАСШЫЛЫҒЫН ЖЕМҚОРЛАР ЖАЙЛАП ЖАТЫР МА?

 БҒМ саласында  Ерлан Сағадиевтің реформалары жалғасын тауып жатыр.   Біз оның әлі сөйлеу және ойлау қабылеті қалыптаспаған 6 жасар бүлдіршіндерге «Үштілдікті» биылдан бастап тыпқылағанын көріп отырмыз. Тарихты «пұшық» қылып, біздің мемлекеттігіміз тек қана 1991 жылдан «басталатынын» дәлелдеу үшін «Қазіргі заман Қазақстан тарихы» пәнін биылдан бастап ЖОО-ға еңгізгеніне де куә болдық. Ал енді  не істер екен деп жүргенімізде, ол кезінде пара алып, жемқорлықпен аты шыққан адамдарды жетелеп апарып ЖОО ректорлығына тағайындауға кірісті.

 Атырау университетіне  Еуразия университетін тонап кеткен, есімі бүкіл БАҚ-та көрініс тапқан аты шулы Абзал Ахатұлын,

Қызылжар университетіне кезінде ректорлардан «салық» жинап аты шығып, тіпті уақытша қызметтен шеттетілген Серік Мәуленұылын,

ал Павлодарға 2008 жылы – сол кезде Павлодар педагогика институтында ректор қызметін 10-ақ ай атқаруға үлгерген Алтынбек Нұқулын тағайындады. Соңғы «кейіпкерді» Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері сол жылдың күзінде 100 мың доллар парамен ұстап, кісендеп, тіпті қамат та тастап еді. Ол уақиға бүгінге дейін Кереку жұртының «құлағында». Жергілікті газеттердің де бетіне басылып шыққан. Барлық қызық, әрине, бұнда ғана емес: себебі біз тек қана осындайларды жауапты қызметтерге тағайындайтынына әбден үйренгенбіз.

Мәселе басқада.Үш парақорды үш университетке ректорлыққа жіберу кімге керек?!. Осыларды басынан ректор қызметіне тағайындауды ойлап жүрген министр Сағадиев мырза ЖОО басшыларын  сайлайтын жаңа екі сатылы конкурс болатынын реформа қылып не үшін жариялады екен? Неге ел басында жүрген шенеуніктер парақорларды оқу орындарын басқаруға тыпқылай береді? Осыны кім бақылайды, кім төрелігін айтады?  Осы сауалдарымыз жауапсыз қала беретін болса, біз келесі жолы осы «үміткерлердің» артында тұрған жоғары лауазымды адамдардың атарын атап, түстерін түстемекшіміз.                                                              

Бекзат Нұрбек

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5678