Жексенбі, 24 Қараша 2024
Қоғам 12936 1 пікір 7 Қазан, 2016 сағат 17:29

ДОС КӨШІМ. АРЫЛУҒА ШАҚЫРАМЫН

4132 адамға арналған ҮНДЕУ

Желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығы қарсаңында бейбіт шеруге шыққан қазақ жастарын аса қатыгездікпен жазалаған, ұрып-соққан, жұмыстан, оқудан шығарған, жасанды сотқа тартып, әділетсіз жазалар берген адамдардың Халық пен Ұлттың алдында кешірім сұрап, күнәдан арылу қажеттігін естеріне саламын. Сендер 30 жыл бойы үндемей келдіңдер; мүмкін біреулерің «заман солай еді» деп, іштей ақталатын да шығарсыңдар, ал енді біреулерің «біз басшымыздың айтқанын істедік қой» деп, сүттен – ақ, суден – таза болғыларың келер. Мен үндемегендерден қорқамын.

Мен сол сөздердің келешекте қайта айтылуынан қорқамын... Нюрнберг сотында да, фашистік жендеттер барлығын Гитлерге жауып, «біз бұйрықты орындаушылар ғанамыз» деп құтылғысы келді. Естеріңде болсын, әділетсіз бұйрықты орындаушылар да сол бұйрықты берген жандармен бірдей жауап береді. Егер Сендер сол уақыттағы жасаған іс-әрекеттеріңе өздерің баға беріп, ар-ұяттарыңның алдында жауап бермесеңдер, қоғамдағы ашу-ыза мен билікке деген сенімсіздік ыдырамайды.

Сендердің арылуларыңның алғашқы қадамы – сол уақыттағы алған марапаттарыңды қайтып тапсыру акциясы болсын. Осы күнге дейін Желтоқсан көтерілісіне қатысқан азаматтарды жазалған, сол үшін мемлекеттік марапат алғандардың ресми саны – 4169 адам. Олар мыналар:

«Красная звезда» орденімен марапатталғандар – 5;

 «За трудовую доблесть» медалімен маратталғандар – 6:

«За трудовую отличие» медалімен марапатталғандар – 5;

«За отличную службу по охране общественного порядка» медалімен

марапатталғандар – 160;

Жоғарғы Кеңестің Құрмет грамотасымен  марапатталғандар – 30;

Қазақ ССР-інің Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталғандар – 113;

«Заслужный работник МВД» белгісімен марапатталғандар – 23;

Мерзімен бұрын шендері өсірілгендер – 24;

«За отличную службу МВД» белгісімен марапатталғандар – 217;

СССР-дің Ішкі істер министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталғандар – 45;

Қазақ ССР-інің Ішкі істер министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталғандар – 335;

Ақшалай сыйлықпен (СССР Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен) – 53;

Ақшалай сыйлық (Қазақ ССР Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен) – 561;

«Отличник милиции» белгісімен марапатталғандар – 424;

Бұрынғы жазларын алынып асталғандар – 13;

СССР Ішкі істер министрлігі бұйрығымен мадақталғандар – 145;

Қаз ССР Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен мадақталғандар – 2005.

Олардың ішінде марапаттарын қайтып бергендердің саны – 37 ғана...

«Қрасная звезда» ордені – 1;

«За трудовую доблесть» медалі – 1;

«За отличную службу по охране общественного порядка» медалі – 23;

Қазақ ССР-інің Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы – 2;

Қазақ ССР-інің Жоғарғы Кеңесінің грамотасы – 10.

(Бұл деректер «Желтоқсан-86» құжаттар жинағының 10-томынан алынды)

Бұл Үндеу Сендерді масқаралау үшін немесе жауапқа тартып, кек алу үшін жазылып отырған жоқ. Арылу – осындай әділетсіздіктің болашақта қайталанбауының бірден бір кепілі.

Дос Көшім

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5622