Сейсенбі, 22 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2571 0 пікір 6 Қазан, 2016 сағат 11:01

ОҚО-да «Ontustik Tourism-2016» Халықаралық туристік форумы өтуде

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «Ontustik Tourism-2016» туристік форумы өз жұмысын бастады.

Халықаралық шараға Кувейт, Македония, Испания, Пәкістан, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Чехия елдерінің Қазақстан Республикасындағы Елшілері мен Консулдары, шет елдік және қазақстандық туристік операторлар, жоғары оқу орындары мен 10 шақты шет елдік БАҚ өкілдері, оның ішінде Ұлыбританияның «US Television», Испанияның «EFE» ақпараттық агенттігі, сонымен бірге, еліміздің өзге облыстарынан келген делегациялар да қатысуда.

Еліміздегі туризмді дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, «Оңтүстік Қазақстан - Ұлы Жібек Жолының жүрегі» ретінде дамытуды позициялау мақсатында өткізіліп жатқан екі күндік шарада бизнес-конференциялар өткізіліп, «Silk Way Tourism Fair» туристік көрмесі мен облыс бойынша ақпараттық турлар ұйымдастырылатын болады.

Осының аясында, Сарыағаш жаңа курорт қалашығын дамыту, жол бойы қызмет көрсету нысандарын салу, туризм мектебін құру және Оңтүстік өңіріне инвестиция тарту бағытында 7 меморандумға қол қою жоспарланып отыр.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2108
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4978
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4205