Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3381 0 пікір 26 Қыркүйек, 2016 сағат 13:33

Сенатор ауылшаруашылығы өкілдерімен кездесті

Бүгін төлеби ауданына ҚР парламенті сенатының депутаты, республикалық жер реформасы жөніндегі комиссия мүшесі қуаныш айтаханов арнайы іс-сапармен келіп, тұрғындармен, шаруа қожалығының өкілдерімен, аудан активімен кездесті. Бұл туралы «Абай ақпарат» ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен жиын барысында  Қуаныш Айтаханов жаңадан сайланған аудан әкімін құттықтап жұмысына сәттілік тіледі. Еліміздегі ауыл шаруашылық саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар, Парламент Сенатының бүгінгі таңда атқарған жұмыстарымен  хабардар етті.

Кездесу барысында халық қалаулысы еліміздегі Жер Кодексіне енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларға байланысты шаруа қожалықтарының ұсыныс пікірлерін тыңдап, өз ойымен бөлісті.

Төлеби ауданында өндірісімен қатар туризмді дамытуға зор мүмкіндік бар екендігін тілге тиек етіп, осы бағыттағы жұмысты жандандыру керек деді ҚР Парламентін Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов.

Жиын соңында аудан әкімі Бұхарбай Парманов аудан тұрғындарының атынан сенаторға алғыс білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттіліктер тіледі.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1492
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3261
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5584