Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3215 0 пікір 21 Желтоқсан, 2016 сағат 15:01

ОҚО: биыл өңірдегі өндірілген ет көлемі 3,2 пайызға артқан

Оңтүстік Қазақстан облысы Ауылшаруашылық басқармасының желтоқсан айындағы мәліметтеріне сүйенсек, биыл  өңірдегі өндірілген ет көлемі 3,2 пайызға артқан. Бұл туралы «Abai.kz» порталы хабарлайды. Бұл жалпы көлемнің 184,6 мың тоннасын құрайды.

Сонымен қатар, облыстағы сүт өнімдерінің көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда  1,6 пайызға артқан. Агроөнеркәсіптік кешені деректеріне сүйенсек, өңірдегі сүт өнімдері 663,6 мың тоннаға өскен.

2016 жылдың қорытындысы бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыртқа өнімдері 278,1 миллион данаға жеткен. Бұл жалпы көлемнің 2,3 пайызын құрады.

Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысы Республика бойынша агроөнеркәсіп секторын шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Оңтүстік өнімдері республика нарығын азық-түлікпен толтырып жатқанын осының алдында хабарлаған ек.

Айта кетейік, биыл Оңтүстік Қазақстан облысы KazMeat және Halal Kazakhstan брендімен Бейжіңде отандық ет өнімдерін өндірушілер өз тауарларын таныстырды. Қазақстандық кәсіпкерлер ANUFOOD Сhina-2016 азық-түлік көрмесіне бірінші рет қатысып отыр. Мәселен, тек «Оңтүстік халал тағамдарының» өнімдеріне 30-ға жуық қытайлық компания қызығушылық білдірді. Қазақстан мен Қытайдың осы саладағы кәсіпорындары бірлесіп жұмыс істеуге дайын. Олар ет өнімдерін тасымалдауға қатысты кейбір талаптар мен кедергілердің алынуын күтіп отыр.

Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстанда осы жылдың 5 айында жалпы ауыл шаруашылық өнім көлемі 99,9 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 25,6 млрд теңгеге артық.

 

Абай-ақпарат  

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1100
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2640
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 766
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 733