Сейсенбі, 22 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3754 0 пікір 21 Желтоқсан, 2016 сағат 14:50

«Амангелді» ЖШС-і 2500 тонна мал азығын дайындаған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданындағы «Амангелді» ЖШС-і жылды қортындылап, биыл 2500 тонна мал азығын дайындағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Қазығұртта мал азығын дайындау, қажетті техниканы науқанға сайлау бойынша облыстық семинар-кеңес болып өтті. Іс-шараны өткізуге «Амангелді» ЖШС-і лайық деп танылды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ұйымдастырған жиында мал азығын дайындаудың қыр сыры түсіндіріліп, табиғи шөптен пішендеме әзірлеу тәсілі көрсетілді.   

Қазығұртта  мал шаруашылығы қарқын алған. Соған байланысты табиғи пішенге сұраныс та жоғары. Былтырға қарағанда шөп те белуардан. Мұның бәрі шабындықтың ну болуына сеп. Мал азығын дайындау кезіндегі түйткілдер шаруалар мен сала мамандарының талқысына салынды.  

«Амангелді» ЖШС-де барлық жағдай жасалған. Келелі жиында айтылған жұмыстардың бәрі осы жерде тиянақты түрде жүзеге асып жатыр. Бүгінде шаруашылық иелері 2500 тонна мал азығын дайындап, пішендемені де қолға алған.

Шабындықта орылған мына шөп тасымалдауға дайын. Астық жинағанша осыны икемдеу қажет. Керек техника мен адам күші жеткілікті. Жүйелі жұмыс осылай жүргізіледі. Серіктестік тәжірибесі өзге шаруашылық иелеріне үлгі етілді. Қыстың қамын жаз ойлау көпке айтылды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2103
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4975
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4201