Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3085 0 пікір 9 Желтоқсан, 2016 сағат 19:03

Мақсарының табысы шаш етектен

Түлкібас ауданы ежелден егін шаруашылығымен қарқынды айналысып келеді. Биыл Түлкібас ауданында 11400 гектар мақсары дақылы егілген, оның 5600 гектары қазан айына жетпей орылып қойған. Сондықтан күзгі жиын терім біткенше мақсары дақылын шашпай төкпей жинап аламыз деген үміт зор. Жалпы биылғы ауа райының біршама жауын-шашынды болуына байланысты дақылдар бітік шығып, әр гектарға шаққанда түсім 9,2 центнерге айналып отыр.

Сондай-ақ шаруаға төселген дихандар егінді орып алысымен жер жырту жұмыстарын қайта жалғастырып жатыр. Мақсары жинау, жер жырту жұмыстарын “Қызыл Жар” ЖШС-і, Балықшы ауыл округіндегі “Нұртай Ата” шаруа қожалығы, Азаттық ауылындағы “Мақұлбек” ЖШС-і нәтижелі еңбек етіп, жоғары өнімге қол жеткізгенін айта кету керек. "Агротехникалық талаптардың сақталуы, жаңа технологиялардың қолдануы мен мемлекет тарапынан дер кезінде берілген қолдаулардың арқасында биылғы жылы астықтың мол өнімін өсіруге қол жеткізіп отырмыз" дейді диқандар. Осы іріленген шаруашылықтар басқа шаруа қожалықтарға үлгі болып, шаруа жұмысының тиімді тұстарын көрсетіп келеді. “Ұйымдасқан ұтады” деген қағиданы ұстанған осы шаруашылықтардың ұтымды істеріне сүйсінген басқа да шаруалар келер жылы бірігіп, тізе қосып еңбек етуді ұйғарып отыр. Жалпы Түлкібас ауданында арпа, бидай дәнді дақылдарына қоса, мақсары, жүгері, тары, күнбағыс, бұршақты дақылдармен қатар, түрлі көкөністер, картоп, жеміс-жидек, жүзім секілді көкөністер де егіледі. Дихандар алдағы уақытта Түлкібастың құнарлы топырағын тиімді пайдаланып, егілетін өнімдердің түрлерін әлі де болса түрлендіру жайын қарастыруда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543