Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоңырау 7595 1 пікір 8 Желтоқсан, 2016 сағат 11:06

МҰҒАЛІМ АЗАТ БОЛМАЙ, ОҚУШЫ ЕРКІН ОЙЛЫ БОЛА АЛМАЙДЫ

Facebook.com әлеуметтік желісінде оқу-ағарту саласының қызметкерлері   БжҒ министрлігіне, Білімді сырттай бақылау департаменттеріне, облыстық білім департаменттеріне, облыс әкімдеріне, Парламент депутаттарына Үндеу жариялап жатыр. 263 адам қол қойған Үндеу «Ағартушы» қоғамдық қозғалысының белсенді мүшелерінің өтініші бойынша порталымызда жарық көріп отыр. Үндеуге байланысты жоғарыда аталған органдар тиісінше жауап береді деген ойдамыз.

 

 ҮНДЕУ!

 1. Тәуелсіз елімізде орны төрде болуға тиісті ұлағатты ұстаздарымыз әкімшілік  пен өзге де билік орындарының қолбаласына айналған. Көнбіс, жалтақ мұғалімдерден тәрбие алып жатқан ұрпағымыздан қандай болашақ күтеміз? Мұғалім азат болмай, оқушы еркін ойлы бола алмайды. Сондықтан, облыстық, аудандық білім басқармаларын ҚР Білім және ғылым министрлігі жергілікті әкімшіліктен өз құзіретіне өткізіп алуы керек. Олай болмаған жағдайда  әкімдіктер мұғалімдерді «ақша жинау» мен «қара жұмысшының» орнын толтырту әрекетін тыйсын!

 2. Мектептің жөндеу жұмыстарына ақша жинаудың алдын алу үшін әр оқу орнына жөндеу жұмыстарына мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражат баспасөз беттерінде жариялануы керек! «Мұғалім неге ақша жинайды?» деген сұраққа бас ауыртып көрдіңіздер ме? ЖОҚ! Ол ақша мектепті жөндеу жұмысына жұмсалады. Мектепке қаражатты әкімдіктер бөледі. Әкімдіктен бөлінген ақшаға, жасалған жөндеу жұмысына, ол жөндеуді жасағандарға қатаң бақылау жасалуы керек! Мұғалімдерді мектепті жөндеу жұмысына араластыруға жол берілмеуі керек.

 3.  Түрлі тексерулер мен сынақтарға арналған оқушының біліміне қосар үлесі аз қағаздарды ұстаздарға толтырта берудің дәл қазіргі технологияның дамыған уақытында қажеті шамалы. Сондықтан мұғалімдер біліктілігі мен оқушылар білімі ілгерілесін десек артық қағазбастылықтан құтылу керек.

 4. Бір мекемеде басшылық қызметте 15-20 жылдап отыру таныстық-тамырластыққа апарады, ол ары қарай сыбайлас жемқорлыққа, парақорлыққа ұласып кетеді. Сондықтан мектеп директорларының бір орында тапжылмай ұзақ отыруына мүмкіндік берілмесін, 3 не 5 жылда бір ауыстырылып отырсын.

 5. Мектепке жан-жақтан келетін тексерулердің барлығы дерлік тек ақша жинаудың амалы. Ол тексерістерден оң баға алу үшін тағы да мұғалім қалтасындағы қаражатынан қағылады. Сондықтан қаптаған тексерістердің қажеттісін ғана қалдырып, керексізін мүлде алып тастау қажет.

 6.  Елімізде Конституция бойынша мәжбүрлі еңбекке тыйым салынған. Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабы 1- тармағына сәйкес «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі».

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 51- бабы 4-тармағында - "Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагог жұмыскерлерді өздерінің кәсіптік міндеттерін орындаумен байланысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейтіндігі туралы нақты көрсетілген. Сондықтан да сенбіліктер ерікті негізде өткізіледі, мәжбүрлеуге ешкімнің де құқы жоқ. Сонымен қатар әртүрлі мәдени іс-шараларға билеттер сатып алу тек ерікті түрде ғана болуы тиіс. Мұғалімдерді түрлі көше тазалау, үй аралау, қысқы жылу қазандықтарына кезекшілікке қою қысқартылсын" деп жазылған.

 

7. Мектептерде сыбайлас жемқорлықпен ұсталғандарға ары қарай жұмыс істеуге мүмкіндік беріліп отыр! Мектеп – тәрбие ордасы екенін ескерсек, бұдан қандай тәрбие шығады? Болашақта жемқорлықпен қалай айналысып, қалай ақша алып одан қалай құтылу керек екенін үйретеміз бе? Жемқорлықпен күрескен мұғалімдерге қысым жасау тоқтатылсын!

8. Мектептерде материалдық жағынан, интернет желісі, кітаптар жетіспеушілігі көп орын ала отырып, мектептерде есеп беру кезінде «барлығы жеткілікті» деген жалған ақпарат беру қашан тоқтайды?   Электронды күнделік жобасы ісі жүзінде қағазбастылықтан құтқаратын жоба деп аталады. Ол қалай жұмыс істеп жатыр?   Мысалы, интернет желісі жұмыс жасамайтын елдімекендердегі мектеп ұжымы  электронды күнделікті қайтіп отыр? НОБД-да да осындай жағдай. Жеке штаттар неге берілмейді? Мектептерде мұғалімнің жұмысы мұғалімнің жеке компьютерімен шешіледі.  Барлық қағаздар мен керек жарақтары жеке қалтаның есебінен шешіеді. Бұндай «тонауларды» тоқтату керек!

9. Мектептерде газет-журналдарға жазылу ерікті түрде ғана жүзеге асуы тиіс! Әкімдіктердің газетке жаздыруға  жеке жоспар мен "тізімдер" беруі доғарылсын! Газет - журналдарды, елімізде өтіп жатқан жаңалықтарды теледидар мен интернет желісінен де оқып алуға болады емес пе?!

10.  Мұғалім таңертеңнен кешке дейін мектепте. БжҒМ басқа мемлекеттік қызметкерлерді жұмыстан уақытында қайтуға ұсыныс жасаған. Ал мұғалімдер ше? Олардың балалары, отбасылары  жоқ па?  Курстан-курсқа қаңғып айлап кетіп жатыр. Мұғалімдерге де жағдай жасалуы керек!

11. Кейбір жерлерде «іссапар» шығындары мүлде төленбейді. Іссапарларға мұғалімдер өз қалтасымен барып келіп жүр. Бұл жағдай қашан шешімін табады?

12.  Үш тілді реформаны жүзеге асыру барысында әлі біз түсінбейтін мәселелер көбейіп тұр. Ағылшын тілін үйрету тек ағылшын тілінің сағаттарын көбейту арқылы жүзеге асып, бастауышта баланың өз ана тілінде білім алуына жағдай тудырылуы керек. Негізгі пәндер өз тілімізде өткені дұрыс.  Кадр мәселесі жеке курстармен шешілмейді.

«Үш тілді реформа» қайта қоғам талқысынан өткізілсін!

13. Білім саласына келген жастарға жағдай жасалсын. 

14. Түрлі концерт, мәдени шараларда, әкімдердің есеп беру жиналыстарында, басқа да жағдайларда да мұғалімдерді апарып зал толтыруға жол берілмесін! Шоу-бизнесте жүрген әншілердің билеттерін күштеп сатуға тиым салынуы керек.

(Әлеуметтік желі арқылы қол жинау жалғасуда https://web.facebook.com/Mektepnews/posts/334052386974639)

 

Эл почтамыз: mektepnews.kz@gmail.com)

1 Мейіржан Темірбек  «Ағартушы» ҚҚ мүшесі

2 Айман Сағидулла  «Ағартушы» ҚҚ мүшесі

3 Saltanat Moldabekova Келісемін

4 Radik Disaliev қолдаймын

5 Лаззат Сейсенбаева Көкейде жүрген ойларымыз..келісемін.

6 Aibol Saparbek ҚОЛДАЙМЫН

7 Adau Kuzu Екі қолымды көтеріп қолдаймын

8 Ehlmira Taurbekova Қолдаймын

9 Алтынай Жашиг Әрине қолдаймыз.

10 Shodimurod Valiev Қолдаймын

11 Гульдана Калдарова Мен де қолдаймын

12 Айгуль Кошакаева Қолдаймын

13 Orazgali Kopzhan Мен де қолдаймын

Клара Султанова Проверка емес, контроль керек басқарма, білім бөлімдері тарапынан. Олай болмаса, ата-аналардан арыз кобейеді мұғалімдердің үстінен.

14  Айгул Атакожаева

15 Dilyara Zhanabaeva Колдаимын

16 Жанар Игисинова Колдаймын!

17 Салтанат Бегдуалиева Колдаймын асиресе 1сынып багдарламасын кайта карасын, балага оте ауыр

18 Айгул Намбаева Колдаймын!

19 Нурбакыт Далабаева Қолдаймын!

20 Асылбек Бекзан Қолдаймын!

21 Нурлан Аскаров

22 Айгул Серикбаева Дурыс

23 Жолдасбек Камбаров Орынды пікір. Қолдаймын!

24 Karligash Karabalaeva Келісемин, еститин кулак болса??

25 Самал Сакенова Қолдаймын

26 Айнура Мынжасарова-толендиева Айнур Колдаймын, арине

Роза Баймахан ой жаксы, иске асса...

27 Асемай Багитова Колдаймын

28 Гулжауһар Түсіпханқызы Қолдаймын

29 Aigerim Smetova қолдаймын!

30 Aibergen Zakeria Қолдаймын. Өте дұрыс жазылған.

31 Nurgul Makarova Колдаймын

32 Алтынгуль Рахметуллаева Қолдаймын

33 Altynbek Joltay Қысқа да нұсқа, қолдаймын

34 Эльвира Каратаева Қолдаймын

35 Думан Кенжеғазыұлы Кенжеғазин Қолдаймын!

36 Асыл Назар Колдаймын!

37 Aizada Dautbekova Қолдаймын!!! Қолдаймын!!!

38 Aybek Zhuman Қолдаймын газет журналға жазылдыру кеңес заманының тірлігі

39 Saltanat Nurbekova КолдаймынАудармасын көру

40 Kazbek Kasimov қолдаймын

41 Айя Куаныш Кос колдап колдаймын!!!Аудармасын көру

42 Азира Хабиба Қолдаймын

43 Шынар Султанбекова Қолдаймын

44 Kenzhekanim Urasalina Облыстық білім басқармасы жетекші орындарға таныс тамырларын жинап, ұнамаған мамандаға жағымпаздары  арқылы қысым көрсетіп, көнбесе тығырыққа тіреуде. Бұл -  жемқорлықтың бір түрі. Бірінші басшылар мемлекеттің бақылау органдары арқылы нақтылы зерттеліп отыру керек, міндетті түрде жиі-жиі  зерттелуі керек

45 Нурсулу Рысбек Қолдаймын

Ринат Кемелбек Жақсы, атап тұрып жазылған.

46 Карлыгаш Шыныбек Қолдаймын

47 Berdibek Abiyev Қол қойдым.

48 Айгүл Төңкерқызы Қос қолымды көтеріп тұрып қолдаймын! !!!

49 Боранбай Сатыбалдиев Ал.саттилик .
50 Махаббат Сангараева Колдаймын куана куанаАудармасын көру

51 Zhadyra Elchibekova Қолдаймыз

52 Ляззат Оразалиева КолдаймынАудармасын көру

53 Мұхан Мамыр өте орынды, дұрыс . Қолдаймын!!!

54 Рамазан Толенби Мен келісемін айтқандарына.Қолдаймын..

55 Перизат Нуршаева Қолдаймын

56 Толкын Абдикаримова Қолдаймын

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475