Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2721 0 пікір 8 Желтоқсан, 2016 сағат 00:00

Теріскейде «Шұғыла» бөбекжайы ашылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Теріскейде тағы бір жаңа балабақша ашылды. Бұл туралы «Абай ақпарат» порталы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Теріскейдегі шаруашылығы жолға қойылған аудан орталығы Шолаққорған ауылында жеке кәсіпкер Б. Досаев 75 орындық «Шұғыла» балабақшасын ашты. Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі М. Исаев: «Созақ аудан білім беру саласына көп көңіл бөліп келеді. Заман талабына сай соғылған бұл ғимарат ел игілігіне қызмет ететін болады. Тәуелсіздік мерекесіне тарту болған балабақшаның ашылуы құтты болсын» деп барша жиналған қауымды құттықтады.

350 шаршы метр аумақты алып жатқан балабақша ғимараты заман талабына лайықталып, бүлдіршіндердің жас ерекшелігіне сай жабдықталған. Ойын бөлмесі, жатын бөлме, медициналық кабинетпен қамтылған. Жеке кәсіпкер Б. Досаев: «Заман талабына сай оқу және тәрибе жұмыстарына жаңаша көңіл бөлініп отыр. Мектепе дейінгі балаларға қоғамдық тәрбие беру мақсатында бөбекжай аштық. 75 орындық балабақшада 22 адамды жұмыспен қамтып отырмыз»- дейді.

Айта кету керек Созақ ауданында мемелекеттік «Балапан» бағдарламасының орындалуы 86,3 пайызды құрап отыр.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475