Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2284 1 пікір 7 Желтоқсан, 2016 сағат 17:54

Инновацияны жатсынбаған аудан

117 мыңға жуық тұрғыны бар Ордабасы ауданы өнеркәсібі дамыған, әрі ауыл шаруашылығына бейім аудан. Сондықтан да болар, былтыр бұл аудан инновациялық жобаларды жүзеге асыруда үздік деп танылды. Тамшылатып суғару әдісін ендіруден екінші, жылыжай саласын дамытудан үшінші орын алған аудан мұндай атқа лайық та еді.

Бұдан бөлек, асыл тұқымды мал басын көбейткен «Сералы» ШҚ, республикаға белгілі «Ордабасы құс» күркетауық фабрикасы, экспортқа ұн шығаратын «Ордабасы нан» ЖШС, елімізге танымал «Аделя» шаруашылығына қарасты жылыжай кешенінің қарқынды жұмыстарын атап өтуге болады. Жергілікті 57 тұрғынды жұмыспен қамтып отырған «Ордабасы нан» ЖШС-нің жұмысы мақтауға лайық. Қазір осы жердегі диірмендерден шығарылатын ұнның 90 пайызы Өзбекстан мен Ауғанстанға экспортталып жатыр екен. Ел аумағына 10 пайыз ғана сатылады екен. Инновация демекші Сайрам ауданында Ергаш Тіллаханов атты бағбан бар. Үй іргелік жерінен-ақ пайдаға кенеліп отыр. Шағын жылыжайында лимоннан жылына 2 рет өнім алады. Барлық жағдайды туғызатындығы соншалық, бір түбінің өзінен қыруар жеміс жинапалады. Ергеш қарттың лимондарына басқа облыстардан сұраныс бар.Осыдан екі-үш жыл бұрын Сарыағашта лимон өсіретін тәжік қызы Зухра мұғалімді іздеп барғанымызда, “Бұл көп күтім тілемейді, жалқаулардың жұмысы екен”, деп таңғалдырып еді. Тағы бір дихан ақсақал банан, анар, құрма және інжір өсіруде. Пәлендей өнім алмаса да, талап жақсы. Мұндай қарттар тропикалық осы жемістерді әлі-ақ жерсіндіретін түрі бар. Оңтүстіктің Манкентінде Абаз Ханашев деген азамат банан, лимон өсіріп жатыр. Демек егіншілікке ебі, жаңашылдыққа жаны құмар, жердің бабын таба білетін бұл аудан жұртшылықты әлі талай таң қалдыратын секілді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5467