Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3840 0 пікір 7 Желтоқсан, 2016 сағат 14:10

Айдос Бектемір Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды

 

М.Әуезов театрының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Айдос Бектемір "Құнанбай" фильміндегі Барақ ролі үшін Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды деп хабарлайды М.Әуезов театрының Баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы әдебиет пен өнер саласындағы Елбасының жарлығымен екі жылда бір берілетін сыйлыққа ие болған актер: "Киноматография саласындағы еңбегім еленіп Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанып жатсам, бұл - елдің, халықтың өнерге деген құрметі мен сүйіспеншілігі деп білемін. Қазіргі сәтте өте қуаныштымын және әріптестеріме де осындай жетістік тілеймін", - деді.

Фильмде Айдос Бектемір Құнанбаймен текетірес, бірақ қиын-қыстау кезеңде оны Итжеккеннің айдауынан аман алып қалатын Керей сұлтаны Барақтың ролін ойнайды. "Қазақ "енесі тепкен құлынның еті ауырмайды", - дейді  - ел ішінде екі алып бір-бірімен жаға жыртысса да, жатқа, жамандыққа бауырын қимайтын халықпыз. Бұл - тектілігіміздің белгісі, сондықтан көрермен қауымға, әсіресе, жастарға берері мол, тәрбиелік мәні зор кино-картинаның көпшіліктің көңіл төрінен орын алатынына сенемін", - деді актер.

Естеріңізге сала кетейік, "Құнанбай" фильмінің жарық көруіне байланысты аталған кино-картинаға қатысқан ұжымдық топ Мемсыйлықпен марапатталды. Соның бірі актер - Айдос Бектеміров. Алайда ұжымдық сыйлыққа драматург, жазушы, мәдениеттанушы марқұм Таласбек Әсемқұловтың есімі енбей қалды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475