Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3246 0 пікір 12 Қыркүйек, 2010 сағат 13:15

Хайролла ҒАБЖАЛИЛОВ. РУ – ҚАЗАҚТЫҢ ПАСПОРТЫ

Осы жазда «zonakz.net» интернет-газетінде (01.07.2010 ж.) «Новый Казахстан» апталығының бас редакторы Амантай Дандығұловтың «Этносы. Жузы. Кланы» атты мақаласы жарияланыпты. Онда біраз мәселе айтылған екен. Бірақ мен сондағы ойлардың көпшілігін қабылдай алмадым.

Осы күні қазақтың бұрын қандай халық болғаны жөнінде сыңаржақ пікір көп. Яғни біздің қоғамтанушы, саясаткер немесе кейбір «тарихшысы­мақ­тарымыздың» өздері қазақтың өткен тарихын білмей, бүгінгі ұрпақпен салыс-тыра отырып, салт-дәстүріміздің қа­дір-қасиетін кетіріп, былжырақ пікірлер айтады. Мәселен, байларымызды - ақы­мақ, молдамызды - дүмше, хал­қы­мыз-ды - надан, қараңғы етуге құмар. Өйт­кені мұндай көзқарас кешегі кеңестік қоғамнан қалған орыстың көзімен, қолымен жазылған ескі, қасаң дүниелер. Жасыратыны жоқ, қазақ халқы орыс ел бола алмай, орман, тоғайды жағалап жүретін жабайы кезінде Отырардай ғылым мен мәде-ниеттің қаласын салып, Әл-Фарабидей аты әлемге әйгілі ғалым шыққан дана жұрт еді ғой. Өкінішке қа-рай, біздің сол озықтығымыз көп қасірет шектірді.

Осы жазда «zonakz.net» интернет-газетінде (01.07.2010 ж.) «Новый Казахстан» апталығының бас редакторы Амантай Дандығұловтың «Этносы. Жузы. Кланы» атты мақаласы жарияланыпты. Онда біраз мәселе айтылған екен. Бірақ мен сондағы ойлардың көпшілігін қабылдай алмадым.

Осы күні қазақтың бұрын қандай халық болғаны жөнінде сыңаржақ пікір көп. Яғни біздің қоғамтанушы, саясаткер немесе кейбір «тарихшысы­мақ­тарымыздың» өздері қазақтың өткен тарихын білмей, бүгінгі ұрпақпен салыс-тыра отырып, салт-дәстүріміздің қа­дір-қасиетін кетіріп, былжырақ пікірлер айтады. Мәселен, байларымызды - ақы­мақ, молдамызды - дүмше, хал­қы­мыз-ды - надан, қараңғы етуге құмар. Өйт­кені мұндай көзқарас кешегі кеңестік қоғамнан қалған орыстың көзімен, қолымен жазылған ескі, қасаң дүниелер. Жасыратыны жоқ, қазақ халқы орыс ел бола алмай, орман, тоғайды жағалап жүретін жабайы кезінде Отырардай ғылым мен мәде-ниеттің қаласын салып, Әл-Фарабидей аты әлемге әйгілі ғалым шыққан дана жұрт еді ғой. Өкінішке қа-рай, біздің сол озықтығымыз көп қасірет шектірді.

Бір анығы - көшпенді халықты надан көретін бүгінгі танымда қазақтың өтке­нін жоққа шығарудың тарихқа қиянат екені аян. Өткен жылдары өзіміз зиялы санап, құрметтеп жүрген академик, тарихшы, қоғам қайраткерлерінің 28-і қазақ тарихын тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері қарай жазуды айтып, арғы жағын­дағы терең тарихымызды жоққа шығарып сандырақтады.

Несін жасырайық, тәуелсіздік алған­нан кейін де оңалғанымыз шамалы, яғни отарсыздану (деколонизация) үдерісі әлі жүргізілген жоқ. Қайта бас-басы-мызға би болып, отарлаушы ел сіңірген «будан» санамен күн кештік.

«Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» дегеннің кері шығар, рухымызды орыстың идеологиясы меңдеп алған соң, өзге жұрттан өзімізді қор санап, құлдық психологиядан арыла алмай келе жатырмыз. Соның кесірінен бай­лығымызды, билігімізді жат биледі. Қазақтың рухына пайда келтіретін еш дүние жасаған жоқпыз. Киномыз өзіміз­ді қорлады, әдебиетіміз қазақты мазақ қылды. Содан ғой, Бораттардың бо­ғауыз­данып, қазақты әлемге масқара етіп жүргені.

Қазақтың қасіретті ғасырлардан осы күнге дейінгі текті, рухты, саналы халық ретінде жоғалмай, жойылмай келген себебі, бір жағынан, рулық құрылымнан шығар. Күмәнді емес, нақты тұжырым. Өйткені қазақ ықылым заманнан бері жеті атаға толмай қыз алып, қыз беріспейтін дана дәстүр ұстанды. Соның арқасында қанымыз таза, тегіміз мықты, рухымыз биік ұлт болып сақталдық.

Әлемде 2500-ге жуық ұлт бар десек, Кеңес Одағы кезінде соның ішінен 93 ұлт мүлде жойылып, тарихтың түпсіз қат­парына сіңіп кетті. Қазақты сақтап қал­ған - осы рулық жүйе. Әлемдегі осы модель тек қазақ халқында ғана сақ-талған. Бірақ біз қолда бар алтынның қадіріне жетпей отырмыз. Арғы тарихтарымызда біз рулық құрылымымыздан ешқашан зиян тартқан емеспіз. Мұны кейін зерттеп білген патшалық Ресей бізді сол тұсымыздан ұстады. Яғни ру мен рудың арасына от жағып, жымысқы саясат, түрлі айла-тәсіл қолданып, құтымызды қашырды. Елдігіміздің ең-сесін түсіріп, арасына сына қақты. Кейін келе, руды айтудың өзі «ауру» адамның сөзіне айналатын болды. Осы саясат әлі жүріп жатыр.

Осы күні «жаңа қазақтардың» өзі ру туралы әңгіме қозғалса, соны айтқан адам­дарды мешеу, надан кісідей сезінеді. Ал ол заманда, яғни қиянат жасалудан бұрын, ру - паспортымыз бол­ған. Бабаларымыз бес жүз жылдық шежіресін жатқа білетін болған. Қазіргі есеппен айтқанда, бұл - жеті атасын білген адам бір жүз елу жыл шама-сындағы ата-баба тарихын біледі деген сөз. Сөзім жанды болуы үшін мынадай мысал айта кетейін. Әңгіме Жоңғар мен қазақ арасы шиеленісіп тұрған сонау өткен ға­сыр­ларда болыпты. Қазақтың шежіреге жүйрік ақсақалдары ел ішіне кірген қалмақтың тыңшысын анықтау үшін, одан «руың кім, жеті атаңды айтып берші», - деп қолқа салатын болған. Сонда шежіре қумайтын қалмақтың тыңшысы сүрінеді екен.

Ру дегеніміз - атам, бабам, тегім. Сондай-ақ менің мақтанышым. Ру, анығында, отбасының және ағайын-туыс­тың арасындағы әңгіме. Алайда мұның бәрінен ұлттық мүдде жоғары болуы керек. Есті ел боламыз десек, ұлт­тық мүдде жолында бәрі құрбан болуға тиіс. Автор мақалада «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас» деген мақалды сынға алған сияқты. Халқымыз мұны «көппен көрген ұлы той» деген сөзбен де қастерлеген емес пе. Бірақ осы күні аталған мақалымыздың өңі өзгерген сияқты. Өйткені билігі былық­қан, сыбайласқан жемқорлықтың дерті дендеп, әділетсіздіктің уыты жайылып тұрған бұл қоғамда мұндай мақал айту қисынсыз. Егер биліктің дені сау болса, онда дұрыс қоғам қалып­тастыруымызға мүмкіндік көп болатын еді. Алайда бүгінгі жағдай олай болмай тұр. Айта­лық, әкім-қаралар мен шенді-шекпен­ділердің бәрі жеріміздің үстін, астын тұтастай жеп, сатып болды. Ата-баба­дан қалған байлықтан қара халыққа қара бақыр да қалған жоқ.

Кейде Алланың бар қазақтың пеше­несіне берген байлығын ат төбеліндей биліктегі аз тобырдың пайдаланып отыр­­ғанын ойласам, әділет­сіздік  Жаратылыстан бола ма деген күпірлі ойға қалып жүрмін. Неге бәрі­мізге ортақ сол бабалар мұрасы жер бетіндегі барлық қазаққа ала-құла бөлі­нуге тиіс. «Майшелпекке» бөгіп отырған шенеуніктері-міз бен шетел азаматы екенін ескерсек, қазақ байлығы қай елдің қоржынына құйылып жатқанын түсіну қиын емес шығар. Баспасөзде қанша Қытай аза­матының Қазақстан азаматтығын алға­ны туралы көптеген мақалалар жазылды... Біз осы жолмен кете берсек, қа­зақ елінің ертеңі не болар екен? Қазірше жаубы кемшін сұрақтың бірі - бұл.

Тарихшыларға өзінше сілтеме жасаған Амантай қазақтың ертеден ру мен жерге бөлінетінін, ағайын ара  - араздығын айтып, ұлы дала демократия-сын сынға алыпты. Жөні жоқ, жүйесіз сөз екені көзге ұрып-ақ тұр. Қазақ ежелден «Айтылған сөз - атылған оқ» деп, бір ауыз сөзге тоқтап, содыры мен сот­қарын би-шешеннің шешіміне сүйеніп жөнге салған жұрт емес пе. Оны аңызға бергісіз ел ішінде айтылып жүретін әңгімелерден білеміз. Қазіргі Ата Заңның өзі шеше алмайтын қиыс мә­селелердің өзін кезінде тура билер әділ шешкен. Содан ғой, «Тура биде туған жоқ» деген тәмсілдің қалуы. Жасыратыны жоқ, бүгінгі заң - кешегі дала заңына қарама-қайшы. Қарап отыр­саңыз, екі күннің бірінде ағайын - ту­ғанын, қатыны - еркегін сотқа сүйреп жатады.

Автор жеті атасын танып, жеті жұртын білген қазақты мәңгүрт санапты. Бабалар жеті атасын білмегенді «же-тесіз» немесе «жеті атасын білмеген - жетімдіктің белгісі», сондай-ақ «тексіз» деген сияқты ауыр сөздермен сынаған. Әрине, айтар ауызға қиын бол­мағанымен, текті, арлы адамның естір құлағына бұдан артық ауыр сөз бола ма? Ал бабаларымыз «Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер» деген тәрбимен ұрпақ өсірген.

Қазақ өз тегін ғана емес, мыңдаған жылдар бұрын астындағы аты мен жетегіндегі тазы итінің тұқымын, қора­сын­дағы төрт түлік малын да асылдан­дырған. Ал біздің бабаларымыздың жүз­деген, тіпті мың жылдар бұрын меңгер­ген іліміне еуропалықтар ХVІІІ ғасырда әрең қол жеткізді. Яғни олар бізден бірнеше ғасырдан кейін селекцияны таптық деп, мәз болды. Мәселен, Алфред Вебердің айтқанындай, ғалымдар батысқа цивилизацияның көшпенділер­ден тарағанын мойындай бастады. Халқымыз атаның ұрығы, ананың сүті­мен келетін қасиет деп осы «текті» меңзеген болатын. Мақал-мәтел­дері­мізде де «тек» туралы көп айтылады. Мысалы, «Жігіттің жақсысы -наға-шыдан» немесе «Күң қазса, тегіне тартады» деген сияқты...

«Тек» тұқым қуады. Қисынсыз айтылған пікір емес. Осы күні атынан ат үркетін ғалымдарымыздың көбі тегіне тартып жүр. Яғни ғылым мен ұлттың қамынан бұрын, қара басын көп ойлайды. Ататегінде байлықты, барлықты, тіпті түк көрмеген сол  «ғалым­сымақ­тарымыз» ақшаның жолында арын сатып, ит болып жүр.

Автор үкімет кадр тағайындауда руы мен жүздеріне қарайтынын, сонымен бірге осы уақытқа дейін премьер-министр болған азаматтарды дәлел ретінде баяндапты. Кадр мәселесіне келгенде руын емес, оның іскерлігін ес-керу керек екенін мойындамаған сияқты. Мәселен, Тасмағамбетовті айтайық. Ол - нағыз істің адамы. Қолы-нан тек жұмыс істеу ғана емес, үлкен масштабта ұйымдастыру қызметі де келеді. Бұл - жаратылысынан, тегінен келетін қасиет. Иманғали барған жерде қандай реформалардың болғанын бәріміз білеміз. Мысалы, ол әкім болған жеті жылда Алматы қалай өзгерді?

Ал Баянауылдағы бір шағын ауылдан он академик, жиырмадай ғы­лым академиясының корреспондент-мү­шесі, екі жүзге жуық ғылым докторы мен профессорлары шығып жатса, сөзімізді қалай қисынсыз дейсіз? Бұған күмән келтіретін болсаңыздар, сол азамат­тардың ішінен Қаныш Сәтбаев, Әлкей Мар­ғұлан сияқты қазақтың маңдайына біткен ұлдарына қандай сын айтар едіңіздер? Бізге «жүз» атауы біреуді көтерме­леп, немесе біреуді төмендету емес екенін түсінетін уақыт жетті. Миына ұлттық мүдде кіріп-шықпайтын, санасы төмен адам ғана жүз бен руға бөлініп, ішінен іриді. Немесе ұлттан әдірам қалған адам қазақтың руы мен жүзін түсінбейді.

Дей тұрғанмен қазақты қазақ еткен руды айтпау немесе жүзді сөз етуді жүндеудің тағы да реті жоқ. Ру - қазақы паспорт. Ықылым ғасыр бізге осыны үйретті. Ендеше, қазаққа айтылған әр­бір қыңыр сөз үшін қасық қанымыз қалған­ша шашақты найза болмаса да, қыл қалам ұстауға дайынбыз. Қазіргі бай­лар­ға айтарым, қазақта: «Әкеден мал қалғанша, тал қалсын» деген сөз бар. Сенің балаңа қалдыратын мың­даған малың немесе зәулім үйлерің - бір жұттық. «Жаман айтпай жақсы жоқ» деген дана халық. Егер Қырғыз­стан­дағыдай оқыс жағдай болса, «балапан басына, тұрымтай тұсына» кетіп, бай­лығың­ның басыңа пәле болмасына кім кепіл болсын?

Сондықтан әрбір қазақтың азама­тының істеген ісі, еткен жақсылығы, сіңір­ген еңбегі елдің бірлігіне, мемле­кетіміздің болашағына, халықтың рухына, өзінің кім екенін танып-білуіне қыз­мет етуге немесе бағытталуға тиіс. Әлем­ді жалмап келе жатқан жаһан­данудан ұлтымыз жойылып кетпеуі үшін, салт-дәстүріміз берік, ру-тайпалық құ­рылымымыз іргелі болуы керек. Бізге ол үшін ең алдымен өзіміздің ру-тегімізді біліп, ұлттық мүддені бәрінен жоғары қоятын, керек болса ұлт үшін жанын құрбан ететін ұлтшыл ұрпақ тәрбиелей­тін дәстүрлі жол қажет. Ұрпақ тәрбиесі осы бағытқа бұрылып, ұлысты қазақ, рухты жұрт болайық!


Хайролла ҒАБЖАЛИЛОВ,

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері,

«Алаш» тарихи зерттеу орталығының президенті

«Общественная позиция» газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5456