Сенбі, 19 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3878 0 пікір 28 Қараша, 2016 сағат 12:19

Н.Нығматулин: Тәуелсіз еліміздің көптеген айшықты оқиғалары Парламент қабырғасында өтті

Астанада өтіп жатқан «Тәуелсіздіктің 25-жылдығы: Нәтижелер. Жетістіктер. Келешек көкжиегі» халықаралық конференциясы барысында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандық парламентаризмді қалыптастыру жолында Елбасының рөліне тоқталды.  

Мәжіліс Спикерінің айтуынша Қазақстанның заманауи Парламенті әлемдік талапқа сәйкес келе отырып, ұлттық дәстүрмен, ұлттық мәдениетпен, қазақстандықтардың өмір сүру салтымен ерекшеленеді.  

- Қазақстан парламентаризмінің қалыптасуында барлық демократиялық қайта құрулардың негізгі бастамашысы саналатын Мемлекет Басшысының рөлі айрықша. Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық парламентаризм моделінің негізін қалаушы болып табылады,-деп атап өтті Нұрлан Нығматулин.

Осы ретте Мәжіліс Төорағасы Тәуелсіз Қазақстан тарихында орын алатын көптеген маңызды шаралардың Парламент қабырғасында өткендігіне назар аударды. Олардың қатарында Қазақстан астанасын көшіру, Елбасы ұсынысы бойынша бүгінгі күні Кедендік Одақ және Еуразиялық Экономикалық одақтың құрылуымен жүзеге асқан  еуразиялық интеграция идеялары бар.  

Осы жылы Қазақстан ЕАЭО төрағалық етуде.  Осыған байланысты Елбасының бастамасымен 2016 жыл «ЕАЭО-ның үшінші елдермен және маңызды интеграциялық бірлестіктермен экономикалық қатынастарды тереңдету жылы» деп жарияланды. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2034
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4891
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4091