Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4485 0 пікір 28 Қараша, 2016 сағат 08:54

Ақтөбеде 25 метрлік «Қызғалдақ» стелласы бой көтерді

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев сенбі күні қаладағы бірқатар нысандарды аралады. Соның бірі 12 ықшам ауданындағы айналма жолдың бойындағы «Қызғалдақ» стелласының құрылыс жұмыстарымен танысты, - деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Стелланың биікті – 25 метр, гүл өзегінің диаметрі – 1,4 метр, жалпы фундаментінің салмағы - 215,4 тонна, ал конструкция - 17 тонна.

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев Ақтөбенің басты символы «Қызғалдақ» стелласы Теуелсіздіктің 25 жылдығына арналып салынғандығын атап өтті.

Айта кетейік, осыған дейін қалада әуенді субұрқақ және орталық көше бойында сағат сынды нысандар салынды.

Содан соң аймақ басшысы 11 ықшам аудандағы құрылысы жүріп жатқан Хоккей модулінің жұмысымен танысты. Осы маңайда орналасқан №32, №35, №43 мектептерде 3000-нан аса оқушы білім алып жатыр. Нысан келер жылдың наурыз айында пайдалануға беріледі. Бердібек Сапарбаев нысанның атауын халық арасында конкурс өткізу арқылы беру керектігін қала әкімдігіне тапсырды. 

Жалпы алғанда, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 10 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2055
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4915
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4113